14 қазан 2016 12:05

Алматыда ереуілге шыққан автобус жүргізушілері жұмыстан шеттетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ереуілге шыққан автобус жүргізушілері жұмыстан шеттетілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Green Bus Company" ЖШС директоры Бауыржан Күлішев хабарлады. Сондай-ақ, ол № 30, 32 және 121 бағыттағы жүргізушілердің жолға неге уақытында шықпағанын түсіндірді. Айтуынша, кеше ереуілге шыққан жүргізушілер іріткі салған. 

"Әлі ешкімді жұмыстан қуған жоқпыз, тек жұмыстан шеттеттік. 65 жүргізуші шеттетілді. Біз қазір материалдарды Алматы прокуратурасына жолдадық, ІІД-ге де берілді, олардың әрекетіне құқықтық бағасын берсін. Осы бағалаудың қорытындысы бойынша ары қарайғы шаралар жүргізіледі, - деді сұхбаттасушы. - Жүргізушілер бүгін саботаж ұйымдастырды. Олар паркке кіріп, автобустарын оталдырып, шығатын есікті автобустарымен жауып тастады, сөйтіп, автобустарын сөндіріп, кілттерін алып, қашып кетті, сондықтан автобустар бір сағат бойы шыға алмады. Бұл 6.00-де болды. Шамамен 7.00-де автобустар кешігіп шыға бастады. Қазір барлық автобустар жолға шықты. Біз қосымша жүргізушілерді шақырттық".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети