11 қазан 2015 | 10:09

Алматыда журналист қызға шабуыл жасаған адам жайлы мәлімет бергендерге кәсіпкер сыйақы жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерлан Нұрпейісов. © Facebook Ерлан Нұрпейісов. © Facebook

Алматыда журналист қызға шабуыл жасаған адам жайлы мәлімет берген адамға кәсіпкер сыйақы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы кәсіпкер Ерлан Нұрпейісов Facebook желісіндегі өз парақшасында жария етті.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда журналист қызға шабуыл жасаған адам жайлы мәлімет берген адамға кәсіпкер сыйақы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы кәсіпкер Ерлан Нұрпейісов Facebook желісіндегі өз парақшасында жария етті.

"Қылмыскер туралы мәлімет берген адамға сыйақы жариялаймын! Маңызды іс, жазбамның көп бөлісілгені керек! Журналист Бота Жұмановаға шабуыл жасаған адамды іздеуге көмектескім келеді. Күдіктінің қайда екені және аты-жөнін туралы сенімді мәлімет берген адамға Green Auto Service экологиялық компаниямның атынан 100 000 теңге сыйақы беремін. Бұл көп қаражат емес, бірақ бұл бастауы ғана. Мәлімет берген адамға берілетін сыйақының сомасын көбейтемін деушілерге алғыс айтар едім. Сома жайлы пікірлеріңізде көрсетіңіздер. Күдіктіні ұстауға көмек беретін мәліметтеріңізді жеке маған жазыңыздар. #‎МенБота", - деп жазды кәсіпкер Facebook желісіндегі өз парақшасында.

Еске салайық, Алматыда журналист Ботагөз Жұмановаға жасалған шабуылдың видеосы жарияланған болатын. Оқиға 8 қазан күні кешке болған. Видеодан бір жігіттің журналист қыздың соңынан ілесіп келіп, бірер секундтан кейін оны соққыға жығып, ұрып, тепкінің астына алып, қашып кеткенін көруге болады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети