09 тамыз 2018 12:48

Алматыда өнімділігі 550 мың тонна болатын қоқыс сұрыптайтын зауыт ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© business-vector.info © business-vector.info

Алматы қоқыс сұрыптау кешені тестілік тәртіпте жұмысын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қоқыс сұрыптау кешені тестілік тәртіпте жұмысын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалпы құны 5,4 миллиард теңге болатын бұл жоба жеке инвестициялар есбінен жүзеге асты.

"Кешеннің өнімділігі жылына 550 мың тоннаны құрайды. Бұл Алматының қатқыл тұрмыстық қалдықтарының жалпы көлемі және алдағы бес жылдық та ескерілген. Қазіргі кезде мегаполисте жылына 600 мың тоннаға жуық қоқыс жиналады, біз ТҚҚ сұрыптау кезінде қаланы толық қамтитын боламыз", - деді инвестиция компаниясының директоры Дмитрий Данильченко.

Сондай-ақ, ол кешеннің нақтылы сызба бойынша жұмыс істейтінін, соның арқасында ТҚҚ-дан қатқыл шикізат өндіруге болатындығын жеткізді.

Пайдалы шикізат алу үшін қоқыс өңделер алдында сұрыпталады. Яғни қоқыс құрамындағы ірі заттар, түрлі түсті және қара металлдар, әйнек пен пластика алынып тасталады. Қалдықтың жалпы көлемінен 50 мың тоннаға жуық екінші шикізат алу жоспарланған. Соның ішіндее: ПЭТ - 31 пайыз; картон - 24 пайыз; целлофан - 8 пайыз; әйнек - 29 пайыз; пластика - 7 пайыз; металл - 7 пайыз.

Мұнымен қоса, алынған екінші шикізаттың одан әрі өңделу үшін өзге өндіріс орындарына жіберілетіні айтылады.

ҚСК ашу барысында 530 жаңа жұмыс орны пайда болады. Сонымен қатар, зауыт айналасында екінші шикізатты өңдейтін учаскелер ашу жоспарланған.

Қоқыс сұрыптау кешенінің ашылуы Алматы үшін өте маңызды. Өйткені, қалада тұрмыстық қатқыл қалдықтар барлық коммуналды қоқыстың 95 пайызын құрайды. Дегенмен, қалдықтарды есепке алу, утилизациялау және залалсыздандыру жүргізілсе де Алматыда қоқысты жинау, құрылыс қалдықтары мен ірі қоқыстарды сыртқа шығару ісі әлі де қанағатанғысыз жағдайда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети