Алматыда Республика алаңындағы кеңсе қызметкерлері эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Республика алаңындағы кеңсе қызметкерлері эвакуацияланды ©Алексей Рыблов

Өрт дабыл жүйесінің қосылуына байланысты КТК телеарнасының қызметкерлері эвакуацияланды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне телеарна журналистері хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өрт дабыл жүйесінің қосылуына байланысты КТК телеарнасының қызметкерлері эвакуацияланды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне телеарна журналистері хабарлады.

"Көшеде тұрмыз. Ғимаратта өрт дабылқаққышы қосылғандықтан біз эвакуацияландық. Мұнда полиция жоқ, олар қала әкімдігінің ғимаратын қоршауға алды, онда жарылғыш зат қойылды делінген. Әзірше тұрмыз, бұдан артық ештеңе айта алмаймын", - деді телефон арқылы КТК журналисі Алексей Рыблов. Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлерінің, полицейлердің, өртсөндірушілердің және саперлердің келгенін хабарлады.

КТК қызметкері Евгений Дробязконың айтуынша, жедел әрекет ету қызметі ғимараттың ішін тексеріп жатыр. Бұл үш сағатқа созылуы мүмкін. Айта кетейік, Республика алаңында ірі БАҚ-тардың редакциялары орналасқан - "НТК", "КТК", "Еуразия бірінші арнасы" және тағы да басқа кеңселер.

Tengrinews.kz жағдайды бақылап отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети