30 мамыр 2024 | 17:44

Алматыда төтенше жағдай туралы ескертетін жүйе сынақтан өткізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Алматы әкімдігінен Фото: Алматы әкімдігінен

Алматыда 31 мамырда сағат 12:00-де Mass Alert - ТЖ туралы құлақтандыру жүйесі сынақтан өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда 31 мамырда сағат 12:00-де Mass Alert - ТЖ туралы құлақтандыру жүйесі сынақтан өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматыда Mass Alert ТЖ туралы жедел құлақтандыру жүйесін іске қосу жобасы жүзеге асырылады.

Бірінші кезеңде – 31 мамырдан бастап жүйе Android құрылғыларын пайдаланушылар үшін іске қосылады.

Ертең сағат 12:00-де Android мобильді құрылғыларды пайдаланушыларға қазақ, орыс және ағылшын тілінде "Алаңдамаңыздар. Халықты хабардар ету жүйесіне тексеру жүргізілуде. Не беспокойтесь. Проводится проверка системы оповещения населения. Remain calm. The public alert system is being tested", - деген хабарлама келіп түседі.
Екінші кезеңде iOS құрылғысының пайдаланушылары жүйеге қосылады.

Mass Alert жүйесінің SMS-ке қарағанда бірқатар артықшылығы бар. Хабарлама мобильді оператор желісіне қосылған, сондай-ақ жеке таңдалған географиялық аймақтағы барлық абонентке келеді. Сонымен қатар, жүйе желілердің шамадан тыс жүктелу жағдайында жұмыс істейді. Cell Broadcast технологиясының басты артықшылығы, қамту аймағындағы барлық абонентті бірден әрі жаппай ескертуде.

Сондай-ақ, Mass Alert-ті Алматы ТЖД жер сілкінісі туралы ерте құлақтандырудың автоматты жүйесімен біріктіру жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Доллар бағамы өсті

Валюта бағамы

 491.74   538.64   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети