22 қаңтар 2018 11:15

Анайы сөз айтқан полицейдің видеосы Желіні шулатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

Полицейдің ер адамға былапыт сөздер айтқан сәтінде түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Полицейдің ер адамға былапыт сөздер айтқан сәтінде түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Осы мәселе бойынша Tengrinews.kz редакциясы ОҚО Ішкі істер департаменті өкілдерінің пікірін білді. Сөйтсек, қазіргі уақытта бейнежазбада көрсетілген қызметкерлердің заңсыз іс-әрекетіне ОҚО ІІД ЖПҚ қызметтік тексеру амалдарын жүргізіліп жатыр екен.

"Қазіргі таңда аталған қызметкер еңбек демалысында. Қызметтік тексеру жұмыстары аяқталған соң, аталған қызметкер ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы №153 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі" және 23.11.2015 жылғы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" заңында көрсетілген талаптарын бұзғаны үшін, сондай-ақ құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілігі ОҚО ІІД тәртіптік комиссиясында қаралып, оны ішкі істер органдарының қатарынан босатуы мүмкін", - делінген хабарламада.  

Еске салайық, таяуда тағы бір оңтүстікқазақстандық полицейдің жүргізушімен дөрекі сөйлескен видеосы тарап, Желіде дау туғызған еді. 

Видеода автокөлік жуу орталығында қызметтік көлігін жуып тұрып, өзге көліктің иесін көлегейлейтін қағазы бар деген себеппен әкімшілік жауапқа тартуға оқталған полицейді көруге болады. Қызметтік куәлігінде Қасымбек Бауыржан ретінде көрсетілген полиция қызметкерінің қызметтік бас киімі жоқ екенін көруге болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети