Аптап басылады: 14 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аптап басылады: 14 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болады? Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қажытқан ыстықтан кейін Қазақстанның солтүстік өңірлерінде күн салқындайды – онда найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп болжанды. Ал оңтүстік аймақтарда аптап әлі де сақталады. Күндіз кей облыстарда термометр бағаны 40-45 градусқа дейін көтерілсе, шығыста 33-38 градус ыстық болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.


Астана - күн бұлтты болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, шаңды боран соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 3-8 метр, күндіз 9-14 метр, екпіні 15-20, кей уақытта 23 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 37-39 градус аптап болады.

Алматы - күн бұлтты болады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, кей уақытта екпіні секундына 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 32-34 градус жылы болады. Іле Алатауының таулы аймақтарында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) - өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, кей уақытта екпіні секундына 15-20 метр болады. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 21-26 градус жылы болады.

Шымкент - күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, күндіз екпіні секундына 15-20 метр болады. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 39-41 градус аптап болады.

Ақмола облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, оңтүстік-шығыстан 9-14 метр/секунд, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20, облыстың оңтүстік-шығысында кей уақытта 23 метр/секундқа жетеді. Ауа температурасы түнде 18-23, облыстың батысында, солтүстігінде 15 жылы, күндіз 34-39 градус ыстық, облыстың солтүстігінде 30 жылы болады. Көкшетау - көшпелі бұлтты, күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан түнде 4-9, күндіз 9-14, екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 30-32 жылы.

Алматы облысы - облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз таулы аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Жел шығыстан соғып, батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, облыстың оңтүстігінде, тау етектеріндегі және таулы аудандарында екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 19-24, облыстың таулы аудандарында 9-14 жылы, күндіз 31-36 градус ыстық, облыстың солтүстігінде, орталығында 39 градус, таулы аудандарда 21-26 жылы болады. Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан соғып, батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 21-23 жылы, күндіз 37-39 градус ыстық.

Жетісу облысы - күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 14-19, облыстың оңтүстігінде, шығысында 23, таулы аудандарда 11 жылы, күндіз 32-37 градус ыстық, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 40 градус өте ыстық, таулы аудандарда 29 жылы болады. Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 5-10 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 14-16 жылы, күндіз 35-37 градус ыстық.

Түркістан облысы - жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8-13, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау етегіндегі аудандарында 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 23-28, облыстың таулы және тау етегіндегі аудандарында 20 жылы, күндіз 39-44 градус ыстық, таулы аудандарда 33 жылы болады. Түркістан - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8-13, күндіз екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 26-28 жылы, күндіз 41-43 градус ыстық.

Батыс Қазақстан облысы - облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 17-22 жылы, күндіз 30-35 градус ыстық, облыстың оңтүстігінде 38 градус болады. Орал - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 30-32 жылы.

Атырау облысы - түнде облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 20-25 жылы, күндіз 34-39 градус ыстық. Атырау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан түнде 2-7, күндіз 6-11 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 22-24 жылы, күндіз 36-38 градус ыстық.

Маңғыстау облысы - күндіз облыстың солтүстігінде жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Жел солтүстіктен соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 22-27, облыстың оңтүстігінде 30 жылы, күндіз 40-45 градус өте ыстық, облыстың батысында 30-35 жылы болады. Ақтау - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстіктен соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 5-10 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 23-25, күндіз 33-35 жылы.

Ақтөбе облысы - облыстың батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 7-12, облыстың шығысында екпіні 15-18 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында 24 жылы, күндіз 34-39 градус ыстық, облыстың солтүстігінде 31 жылы болады. Ақтөбе - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 1-6, күндіз екпіні 10 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 31-33 жылы.

Қостанай облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, кей уақытта қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 17-22, облыстың оңтүстігінде 25 жылы, күндіз 27-32 жылы, облыстың оңтүстігінде 36 градус ыстық болады. Қостанай - көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 28-30 жылы.

Солтүстік Қазақстан облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 метр/секунд, күндіз облыстың оңтүстігінде кей уақытта 25 метр/секундқа жетеді. Ауа температурасы түнде
16-21 жылы, күндіз 30-35 градус ыстық, облыстың батысында, солтүстігінде 26 жылы болады.
Петропавл - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 26-28 жылы.

Павлодар облысы - күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 17-22 жылы, күндіз 30-35 градус ыстық болады. Павлодар - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 7-12 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 17-19 жылы, күндіз 33-35 градус ыстық.

Қарағанды облысы - күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың оңтүстігінде, батысында 23 жылы, күндіз 30-35 градус ыстық, облыстың батысында, оңтүстігінде 40 градус өте ыстық болады. Қарағанды - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 16-18 жылы, күндіз 33-35 градус ыстық.

Ұлытау облысы - күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан 7-12, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 20-25, облыстың оңтүстігінде 28 жылы, күндіз 36-41 градус өте ыстық болады. Жезқазған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 23-25 жылы, күндіз 38-40 градус өте ыстық.

Шығыс Қазақстан облысы - күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың солтүстігінде, шығысында 10, оңтүстігінде 22 жылы, күндіз 30-35 градус ыстық, облыстың солтүстігінде, шығысында 27 жылы болады. Өскемен - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан түнде 2-7, күндіз 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 15-17 жылы, күндіз 33-35 градус ыстық.

Абай облысы - күндіз облыстың батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 15-20 жылы, күндіз 31-36 градус ыстық, облыстың батысында 28 жылы болады. Семей - көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен 5-10, күндіз екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 18-20 жылы, күндіз 33-35 градус ыстық.

Қызылорда облысы - жауын-шашынсыз. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 25-30 жылы, күндіз 37-42 градус ыстық, облыстың оңтүстігінде 45 градус өте ыстық болады. Қызылорда - ашық. Жел солтүстік-батыстан 6-11 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 28-30 жылы,
күндіз 40-42 градус ыстық.

Жамбыл облысы - күндіз облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 20-25, облыстың таулы аудандарында 17 градус жылы, күндіз 37-42 градус аптап, облыстың таулы аудандарында 34 градус жылы. Тараз - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа
түнде ауа температурасы 20-22 жылы, күндіз 37-39 градус аптап болады.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +28
Астана +30
Ақтау +30
Ақтөбе +27
Атырау +29
Б
Балқаш +32
Ж
Жезқазған +32
Қ
Қарағанды +23
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +33
Қызылорда +26
П
Павлодар +21
Петропавл +32
С
Семей +29
Т
Талдықорған +33
Тараз +37
Түркістан +25
О
Орал +27
Ө
Өскемен +35
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер