19 қазан 2018 09:19

Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың жалақысы қанша екені белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың жалақысы қанша екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың жалақысы қанша екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімдігіндегілердің мәліметінше, елорда әкімінің жалақысы - 967 672 теңге. Бұл ең төменгі 34 жалақыға тең. Бірақ Астана басшысына ешқандай сыйлықақы мен үстеме ақша берілмейтіні айтылады.

"Астана әкімінің жалақысы ҚР Үкіметінің 2017 жылдың 16 қазанындағы үкіміне сәйкес белгіленеді және онда қызметкердің еңбек өтілі ескеріледі", - деп хабарлады елорда әкімдігіндегілер.

Мұның алдында Орал әкімі Мұрат Мұқаевтың, БҚО әкімі Алтай Көлгіновтің, Қызылорда әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың, Талдықорған әкімі Дастан Шалтабаевтың жалақысы аталған еді. 

Кейінірек Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев өзінің айлық жалақысы қанша екенін айтқан болатын. Ақмола облысы бойынша облыс орталық әкімінің айлық көрсеткіші - 451 627 теңге.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов айына 967 672 теңге алады екен. Кейін Павлодар қаласының әкімі қанша алатыны белгілі болды. Әнуар Көмпекеевтің мөлшерлемесі - 462 245 теңге.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети