Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Наурызбай ауданы Ақжар ықшамауданының тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы қала басшысы Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін менің аккаунттарыма қала тұрғындары қалдырған проблемалық орындарға шықтым. Наурызбай ауданы, Ақжар ықшамауданы. Молдағұлова көшесі (Мақаншы - Жабай), Жауқазын. Көтерілген мәселе орынды. Ауыз су, жарық, жол, тұрақты қоғамдық көлік қатынасы - халықтың өмір сапасын жақсартуға негізделген. Барлық мәселе бір-бірімен байланысты. Мәселені рет-ретімен шешу міндеті тұр. Біріншіден, ауыз су мәселесі, яғни орталық сумен қамтамасыз ету жүйесіне қосу. Екіншіден, көшеге жарық қою керек. Үшінші мәселе, желілерді төсеу бойынша жер қазу және құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталған соң жол мәселесі ретке келтіріледі. Барлық мәселе кезең-кезеңімен шешіледі. Басымдық ауыз суға беріледі!", - деп жазды әкім.