i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында педагог Елена Венгерская баланың когнитив функцияларын, оның ішінде есте сақтау және сөйлеу қабілетін дамыту туралы айтты. Сарапшы балалардың жиі қозғалғаны дұрыс екенін айтады. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.
i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында педагог Елена Венгерская баланың когнитив функцияларын, оның ішінде есте сақтау және сөйлеу қабілетін дамыту туралы айтты. Сарапшы балалардың жиі қозғалғаны дұрыс екенін айтады. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.
Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - KCELL компаниясы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Тікелей эфирлер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі өтеді.
Елена Венгерскаяның сөзінше, есте сақтау мен назар - бірдей. Егер біреуін ғана дамытсақ, екіншісін де жоғалтамыз. Ол жиі гаджет қолданатындар оқшаулану кезінде уақытты пайдалы қолдануға - кітап оқып, адамдармен жиі араласуға кеңес берді.
"Біз кітаптармен жиі дос болуымыз керек. Себебі біз кері жағдайда когнитив аспект - есте сақтау қабілетін жоғалтамыз", - дейді маман.
Педагог баладан талап ету орынды екенін айтады.
"Бала бәрін үйренуі керек. Ұлы психологтар: "Бала ойлау қабілетін дамытуы үшін ән айтып, билеп, аспаптарда ойнауы керек" деген. Біз балалар орталығында не істейміз? Балаға ойын арқылы түсіндіреміз. Бала біз оған қандай ақпарат сіңіріп жатқанымызды да түсінбей қалады.
Көбі "Тиіспе" деп айтады. Жарайды. Диванда жарты жыл жатқаннан не шығады? Денсаулық жоқ, бір нәрсе істеуге зауқы болмайды. Психологиядағыдай: 21 күнде біз барлығына үйреніп аламыз. Бұлай болмауы керек. Адамның барлық аспекті қызмет ету үшін ерінудің қажеті жоқ", - дейді спикер.
Спикер өзінің жобасына жаңа әдістер ойлап тапқанда оны балалар еңсере ала ма, жоқ па күмәнданғанын айтады. Бағдарлама барысында егер баланың ақыл-ойы икемді болса, ол кез келген ақпаратты жеңіл қабылдайтын болып шықты.
"Мектеп жасындағы баланы үйрете беру керек. Егер баланың ақыл-ойы икемді болса, тіл меңгеру, есептеу, математиканы жеңіл қабылдайды. Бехтерова былай деген: Ештеңені жазып алудың қажеті жоқ, тек есте сақтау керек. Электрон күнделікке де жазып қоюдың қажеті жоқ. Оны есте сақтауға тырысу керек", - дейді сарапшы.
Елена Венгерскаяның сөзінше, жаңадан туған балалар алғашқы күннен бастап классикалық музыка тыңдауы керек. Ал ата-аналар көп жағдайда ертегі қосып қояды. Спикердің сөзінше, бұл жеткіліксіз.
"Аналар сөйлейтін ойыншық қосылғанда: "Әрі кет, маған тиіспе, менің қолым бос емес" дейді. Бұл, әрине, сөйлейтін ойыншықтарды өндірушілерге пайдалы. Бірақ біз педагог ретінде, сөйлейтін ойыншықтарды алып тастаңыз, ертегіні өзіңіз айтып беріңіз деп дабыл қағамыз. Сіз балаға бағыт беретін ойыншық болыңыз", - дейді маман.
Бала дамуындағы келесі қадам - ата-анамен қарым-қатынасы. Ересектердің балалармен бір деңгейде сөйлесіп, олардың ойын біліп отырғаны маңызды.
Елена Венгерская бұл жағдайда баланың саусақтарын жиі уқалап тұрған дұрыс екенін айтады.
"Бастысы - баланың сөйлеп кетуі. Сонымен қатар, үнемі баламен түсініксіз нәрсе айтып, ойнап үйреніңіз. Мысалы, бала су ішкісі келіп тұрғанын айта алмайды. Осы сәтте оған қасықты керісінше беріңіз. Баланың көмейінен дауыс шықсын. Ал үлкендер не істейді? Бала көрсеткен нәрсесін бере саламыз", - дейді спикер.
Когнитив процесс тек назар аудару, есте сақтау мен сөйлеу емес, ол - қоршаған ортаны қабылдау.
"Мен үнемі педагогтарға "Жаман бала болмайды, жаман педагог болады. Өзіңізге баға беріңіз" деп айтамын. "Мен баламен жұмыс істей алмаймын" дейді. Онда кел, бірге отырып, не істеу керегін шешейік. Ойын формасы арқылы бәрін түсіндіруге болады. Сандарды түсіндіруге, оқуда, мейлі ол партаның астында отыра берін, солай ыңғайлы болар. Ол бәрін естиді, ол жерден шығарудың қажеті жоқ", - дейді Елена Венгерская.
30 жылдық тәжірибесі бар маман тағы бір кеңес берді: мектеп жаттығу жасаудан басталуы керек, ал әр қоңырау сайын белсенді ойын ойнау керек.
"Менің айтып отырғаным бала мектепке келе сала жаттығу жасауы керек. Біз бала билесін деп қызық жаттығулар жасаймыз. Сосын ол қайтадан киініп сабағына барады.
Біз көп жаман сөз білеміз, ал жақсы сөз ше? Әр қадам жасаған сайын жақсы сөз айтып отырайық, сонда жеңіс кімде болады? Біз балаларды мейірімді болуға үйретуіміз керек", - дейді сарапшы.
Педагогтың сөзінше, балаларға 30-40 минут бойы партада отыру қиынға соғады. Сондықтан сабақ кезінде әр 8-10 минут сайын жаттығу жасау керек.
Елена Венгерская өз тәжірибесінде баланың оқуы үшін материалдық ынталандыруды пайдаланады. Осылайша бірдей жастағы балалар жолдастарының жетістігін көріп, одан да биік шыңға шығуға тырысады.
"Бізді ешқандай материалдық ынталандыру болмасын деп өсірді. Мен барлығы солай істесін демеймін. Әр ата-ана өзі таңдайды. Неліктен мен мектепте бұл әдісті қолдандым? Балаға алға ұмтылсын дедім. Біреу екі мың, мың теңге, 500 теңге алады. Осылайша балаларға дем бердім", - дейді маман.
Когнитив функцияны дамытуда баланың шығармашылық дамуы да маңызды.
"Баланың шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беріңіз. Ол шеберлікпен айналысып, бір нәрсені ойластырсын. Баламен қандай да бір затты жабыстыра аламыз. Терезені безендіре аламыз, себебі қазір көп уақытымыз үйде өтеді. Бүгін ол жерде жаңбыр бейнеленсе, ертең күн шығып тұрсын", - дейді спикер.
Видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің Facebook және "ВКонтакте" парақшасынан көруге болады.
Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады.
Сондай-ақ подкастты SoundCloud, Яндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.
i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.
i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова, педагог, психолог Алексей Бабаянц, тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова, психолог, физиолог, биология ғылымдарының кандидаты Марьяна Безруких, психотерапевт, қоғам қайраткері Марина Таргакова, клиникалық псиxолог, нейропсиxолог Мирза Назгина, педагог, психолог Анна Быкова, халықаралық білім беру бойынша сарапшы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Марина Хан, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Негай, балалар психологы, ойын терапевті Виктория Гончарова.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!