15 маусым 2020 20:39

Балаңыз буллинг құрбаны болған жағдайда не істеу керек? i-balaqai жобасында Аружан Саин

ПОДЕЛИТЬСЯ

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл, "Мейірімділік" қоғамдық қорының басшысы Аружан Саин баласы достары тарапынан қысым көрген ата-аналар қалай әрекет ету керегін түсіндірді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады. 


i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл, "Мейірімділік" қоғамдық қорының басшысы Аружан Саин баласы достары тарапынан қысым көрген ата-аналар қалай әрекет ету керегін түсіндірді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады. 

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Тікелей эфирлер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі өтеді.

БҰҰ Балалар қорының мәліметінше, дүние жүзінде 150 миллионға жуық жасөспірім замандастарының тарапынан зорлық көрген. Зерттеуші, ғалымдар әртүрлі елде жыл сайын 19-30 пайыз жасөспірім буллинг құрбаны болатынын анықтаған. Ал Қазақстандағы статистиканы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы жүргізеді. Олардың мәліметінше, 11 мен 15 жас аралығындағы әрбір бесінше бала буллинг құрбаны. Одан бөлек, кибербуллинг бар.  

Аружан Саин бұл термин нені білдіретінін түсіндірді, буллинг - басқа адамды кемсіту арқылы өзін қанағаттандыру, әдетте адам өзінен әлсізді таңдайды. 

"Егер бала жақсы нәрсе арқылы, өзін көрсетуге тиіс әрекет арқылы, қай жерде жақсы, жылдам, мықтырақ екенін көрсете алмаса, бала өзінен әлсіз достарын не жануарларды қолданады. Мысалы, бізде кәмелет жасына толмаған балаларды зорлаған қылмыстық іс көп болды. Оны әдетте жоғары сынып балалары жасайды", - дейді Аружан Саин. 

Балалар омбудсмені Абай аулында жеті жасар балаға қастандық жасалған кезде шетелдік сарапшылар келген кезде сот-медициналық және психологиялық, психиатриялық сараптама кезінде: "Балалар неліктен мұндай қадамға барады? Жоғары сыныптың балалары кіші балаларды қалайша зорлайды?" деген сұрақ қойғанын айтады. Психологтар мен психиаторлар бұған қатысты ортақ форма бар: зорлық көрсету жыныстық емдеумен байланысты емес екенін айтқан. 

"Бұл басқа адамның адамдық қадір-қасиетін барынша қорлау арқылы жасөспірімдердің өзін-өзі қанағаттандыруы, балалардың өзін-өзі көрсетпеуі және өзін-өзі еркін ұстауы", - дейді маман. 

Зорлықтан бөлек, жәбірленуші әлсіз болып қана қоймай, өзін қоршаған адамдардың оған сенбеуімен кезігуі мүмкін. 

"Балалар қандай үлгі алатынын түсінесіз бе? Олар өзін қорғамақ түгілі ата-анасы баласын қорғай алмай қалады. Бір оқиға болған, бұл істі әлі де алып жүрміз, баланың жасы 11-де. Оқиғаға кінәлі жоғары сынып оқушылары, олардың ата-анасы жергілікті жердің мықты кісілері болуы керек. Задап шеккен баланы өзінен бөлек ата-анасы да қорғай алмады. Ол анасына: "Егер мені қорғай алмасаңдар, мені мына өмірге неліктен алып келдіңдер?" деп сұраған. Яғни, бала өзін-өзі қорғай алмайтыны, отбасы да қорғай алмайтынын көріп тұр. Осылайша балада өмір жайлы, Қазақстан жайлы, қоғам жайлы, жалпы адамдар жайлы нақты ой қалыптаса бастайды. 

Біз істі қолымызға алып, оқиға заңды түрде реттеле бастаған кезде, әлгі бала маған: "Аружан тәте, білесіз бе, мен сіз үшін қатты қорқып тұрмын. Сіз мені барынша қорғап жатырсыз, бірақ олар сізге қастық жасап қоюы мүмкін ғой" деп айтты. Демек, әлем ол баланы құтқарып қалу үшін ештеңе істей алмаған болса да, баланың мейірімі өшпеген. Бұл әділетсіздік, осыдан балалар қорытынды шығарады", - дейді балалар омбудсмені. 

Аружан Саин Абай аулында қылмыскерге қолдау білдірілгенін көрген балалар сенуден қалып, қорлық көргенін ашық айтудан қорқатын болатынын айтады. 

"Бүкіл Қазақстан, оның ішінде балалар да зардап шеккен бала туралы, оның әжесі мен анасы туралы айтылған сөздерді, жәбірленуші өтірік айтып тұрғанын, оған ешкім сенбейтінін бақылап отырды. Білім басқармасының басшысы былай дейді: "Деректер дәлелденбеді, жәбірленуші жалған сөйлеп отыр". Мұны көрген балалар зардап шеккенде онық орғамақ түгілі, неше түрлі айып тағылатынын, туыстарына жаман сөз тиетінін көрді. Бала оның бәрін қабылдауға дайын емес. Мұндай жағдай баланың басынан өтсе де ол жақындарына жаман сөз келеді деп қорқатын болады", - дейді спикер. 

Балалар мұндай жағдайда қылмыскер болған дұрыс, себебі барлығы оның жағына шығады деп ойлайды. 

"Иә, барлық жағдайда әділ шешім қабылданып жатады. Қылмыскерлер қамалды, бірақ оларды қорғаған үлкен адамдар, тергеуге қарсы болғандар жауапкершілікке тартылмады. Басынан соңына дейін әділ шешім қабылданбайынша, біз балаларымызға дұрыс тәрбие беріп отырмыз деп айта алмаймыз", - дейді Аружан Саин.  

Омбудсмен егер балаңыз қысым көретін болса қайда барған дұрыс екенін түсіндірді:

  • Көптеген мектепте психологтар бар. 
  • Мектеп директорына барып, шағым жазу керек. Егер нақты дерек болмаса назар аударуын сұрап, мәселенің мән-жайын анықтау керек. Егер нақты факт болса, сол деректерді көрсетіп, мектеп инспекторына айту керек.
  • Әр мектепте инспектор бар, солармен сөйлесу керек. 
  • Егер нақты дерек, оның ішінде, ұрып-соғу, психологиялық қысым не қудалау болса полицияға барып, шағым жазу керек.
  • Егер ол жағдай білім ордасында болып, шара қолданылмаса Білім басқармасына бару керек. Егер жағдай интернатта болса Әлеуметтік қорғау басқармасына.
  • Егер шара қолданылмаса әкімге шағым жазу керек. Бұған дейін жазған арыз-шағымды көрсету керек, олардың көшірмесін жасап алу керек. 
  • Шағымдарды сақтап, прокуратураға, адам құқығымен айналысатын қадағалау органдарына барып, көрсету керек.
  • Егер еш жерде шара қолданылмаса, республикалық огандарға, министрлікке, Балалар құқықтарын қорғау комитетіне, Баспрокуратураға және маған, Баланың құқықтары жөніндегі уәкілге келуге болады.

"Көп жағдайда мәселе бірден шешіледі. Егер балаға зорлық көрсетілген болса, өкінішке қарай, оның тек бір шешімі бар - ол көшіп кету. 

Кейде БАҚ беттерінде белсенді айтылатын оқиғалар болады. Мысалы, баланы зорлады делік. Ол ауылда не шағын қалашықта болған оқиға. Барлығы ол баланың кім екенін біледі. Ол балаға өмір сүру қиын болады, себебі неше түрлі адам бар, неше түрлі бала бар. "Мынау әлгі зорланған қыз ғой" деп бетіне басады. Яғни, тіпті қылмыскер жазасын алса да оңай емес. Бала үшін жағдай өзгерген жоқ, ол зорлықты басынан өткізді", - дейді спикер. 

Аружан Саинның сөзінше, буллинг мәселесін келесідей шешуге болады: кәмелетке толмағандарды түрлі секция мен қосымша сабақтарға қатыстыру керек. 

"Біз мынаны түсінуіміз керек: салық - біздің мемлекетке сеніп тапсырған қаржымыз. Ол балаға қажет нәрсеге, кез келген отбасының, қаланың, мемлекеттің қажеттілігі үшін қолданылуы керек", - деді балалар омбудсмені.  

Сондай-ақ бала құқықтары жөніндегі уәкіл, "Мейірімділік" қоғамдық қорының басшысы Аружан Саин жоба серіктесі Altel ұялы байланыс операторының сұрақтарына жауап берді. Ол өз балаларымен түрлі әлеуметтік желіде 14 жастан асқаннан кейін ғана парақша ашуға келіскен.

"Мәселе қашаннан бастап рұқсат беруде емес. Бастысы - бала ол жерде не істейтінін бақылап отыру. Менің балаларым күніне жарты сағаттан көп отырмайды. Мектептен келе сала балетке барады. Кешке келіп, сабақтарын оқиды. Күн сайын артық уақыт болмайтындай кесте жасаймыз. Артық уақыт табылғанның өзінде ол пайдалы нәрсеге жұмсалады", - дейді Аружан Саин.  

Видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің Facebook және "ВКонтакте" парақшасынан көруге болады.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады. 

Сондай-ақ подкастты SoundCloudЯндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.

i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.

i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова, педагог, психолог Алексей Бабаянц, тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова, психолог, физиолог, биология ғылымдарының кандидаты Марьяна Безруких, психотерапевт, қоғам қайраткері Марина Таргакова

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети