29 сәуір 2023 15:15

Бас прокуратура "Өзенмұнайгаз" тендерлерінің заңдылығын тексереді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура "Өзенмұнайгаз" АҚ тендерлерінің заңдылығын зерделейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бас прокуратура "Өзенмұнайгаз" АҚ тендерлерінің заңдылығын зерделейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас прокурордың тапсырмасы бойынша, Маңғыстау облысына орталық аппараттың неғұрлым тәжірибелі қызметкерлері қатарынан құрылған жұмыс тобы барды. Жұмыс тобының алдында "Өзенмұнайгаз" АҚ-да тендерлерді өткізу кезінде заңдылықтың сақталуы және ашықтықтың қамтамасыз етілуі мәселелерін зерделеу міндеті тұрғаны айтылды.

"Мердігер ұйымдардың қызметкерлері бұл мәселені жиі көтеріп, оны еңбек жағдайларының нашарлауы және жалақының төмендеуімен байланыстыратыны белгілі. Осыған байланысты қадағалау ведомствосының қызметкерлері "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның қаржы-шаруашылық құжаттамасын және сатып алуларын ықтимал заңбұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы тұрғысынан талдайды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласының және жалпы Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жүргізіліп жатыр. Талдаумен инженерлік инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысы, кәсіпкерлік, мәдениет, спорт, туризм және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру салаларындағы проблемалық мәселелер, сондай-ақ өңір үшін басқа да маңызды бағыттар қамтылған. Жүргізілген жұмыстың нәтижелері хабарланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети