20 шілде 2020 | 20:20

Басқа және болашақтың мектебі. i-balaqai жобасында Александр Мурашев

ПОДЕЛИТЬСЯ

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында журналист, жазушы Александр Мурашев болашақтың мектебі туралы ойын бөлісті, сондай-ақ қашықтан оқу баланың жүрегінен неліктен орын таба алмайтынын түсіндірді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.


Иконка комментария блок соц сети

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында журналист, жазушы Александр Мурашев болашақтың мектебі туралы ойын бөлісті, сондай-ақ қашықтан оқу баланың жүрегінен неліктен орын таба алмайтынын түсіндірді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - KCELL компаниясы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Тікелей эфирлер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі өтеді.

Басқа мектеп

Александр Мурашевтың сөзінше, адамдар алдына мақсат қоя біледі, бірақ процестің өзінен рахат алмайды. Сондықтан мектепте оқуды мәжбүрлеу деп түсінеді. Маман оны басқаша түсінетінін, оқу өз ісіне берілген адамдарға сырттан қолдау көрсететін табиғи процесс болуы керегін айтады. 

"Менің кітабымдағы басты кейіпкердің бірі "оқу, оқу және оқу" сөзі қорқынышты екенін, бізді үнемі мектептен кейін не болатынын күтумен жүретінімізді айтады. Меніңше, ол тәрбиелеудің диструктив моделі, себебі біз - жыл бойы бір нәрсені күтіп жүреміз. Үнемі аттестат үшін, біздің жағдайда ҰТЕ-ге дайындалып жүреміз. Сосын жалақы алу үшін жұмыс істейміз, отбасын құрып, балалы боламыз. Үнемі өмір сүрмей, бір нәрсеге дайындалып жүресің", - дейді журналист. 

Оқушы жетістігінің маңызы ашық күйінде қалып қояды. Оны бағалау немесе оның әлеуетін қалай жүзеге асырғаны маңызды.

"Өзіңізді директормын деп елестетіңізші, сіз үшін оқушының жетістікке жетуі деген не?  28 оқушының 100 балл алуы ма әлде 12 Тарковский оқушы шығуы ма? Ал 100 балл жинаған, мектепті алтын медальмен бітірген, оқуды қызыл дипломмен бітірген 28 бала перде сатып тұрса ше? Оның несі жетістік? Жетістікке қандай баға беретініміз маңызды", - дейді Мурашев.  

Журналисттің сөзінше, ол еуропалық тәжірибені түсініп, қолдануға мүмкіндік бермей отырған критикалық нүкте. 

"Батыс, еуропалық мектептер туралы ақпаратты қабылдай алмайтындар: "Дат, фин, швед мектептерін бітірген Нобель лауреаттары қайда? Неліктен олар босаңсып кеткен? Неліктен олар бақытты троллейбус жүргізушісін тәрбиелеп шығады?" деген сұрақтар қояды. Бұл біз түсінбейтін сәт. Кеңес дәуірі ол болашақ академик, профессорларды тәрбиелемек болған залық", - дейді маман.  

Білім беру - үшбұрыш секілді, оған бала, ұстаз және отбасы кіреді. 

"Адамдардың бір бірімен келісе алуы, бір топта ойнауы, меніңше, қазір істеу қажет маңызды нәрсе", - дейді спикер. 

Kunskapsskolan швед тәуелсіз мектебінде оқу процесі 45 қадамнан тұрады, ата-ана кез келген сәтте келіп, балаға көмектесе алады. 

"Коммуникация топтастырады және бұл бүгінде көптеген адамға жетіспейді", - дейді Александр Мурашев. 

Қашықтан оқудың әсері туралы кітап жазы барысында маман бірнеше сарапшымен әңгімелескен. Соның ішінде, жас маман болашақтың мектебі - онлайн мен офлайнның бірігуі екенін айтқан.  

Яғни, онлайн өтуге болатын кез бен кейде мектепке келіп, мұғаліммен сөйлесуге де болады.

"Бұл біз еріксіз түрлі электрон ресурспен танысуға тура келгендегі орынды нұсқаның бірі", - дейді журналист. 

Мектеп не үшін қажет?

Спикер New York Times-те шыққан мақаланы сөз етті. Ол жерде бүгінде ең бағалы, ең қымбат зат - адаммен байланыс екені жазылған. 

"Онлайн - заттарды қарапайым жасаудың тәсілі, адаммен байланыс, менторлік - бүгінгі ең бағалы заттар", - дейді спикер. 

Александр Мурашев мектеп - адамдар бір-біріне энтузиазм "жұқтыратын" жер екенін айтады. 

"Ұстаздың ең басты мақсаттарының бірі - келіп, оны саған "жұқтыру". 

Жазушының айтуынша, мектеп бітірушілері сабақтың мазмұнынан гөрі, адамдардың, олардың әсерін есте жақсы сақтайды. Мысалы, Ресейдің ең бай адамдарының бірі бірде ол мектеп туралы сөз қозғағанда география пәнінің мұғалімі айтқан әңгімелер есіне түсетінін айтқан. Ол галстук тағуды ұнатпаған, оны тек мойын орағыш секілді киген. 

"Оны онлайн ешқалай бере алмайды. Ол адамдардың бір бірімен байланысы. Онлайн кезінде ұшқын шықпайды. Кез келген білімді, ақпаратты онлайн ала аласың, бірақ сен қызығып кететіндей, сол іспен өмір бойы айналысатындай машина сені қызықтыра алмайды", - дейді жазушы. 

Александр Мурашев кітабын жазу барысында түрлі елдегі білім беру мекемелеріне барған. Мысалы, Данияда заң бойынша мектеп қызық болуға тиіс. Жыл сайынғы сауалнама бойынша, дат оқушыларының көбіне іші пысып кетеді, сондықтан олардың қызығушылығын оятатын ортақ нәрсе құру туралы шешім қабылданған. Кішірек сыныпта оқушылар скрипкада не флейтада ойнайтын оқушылар жиналған.

"Осындай кезде қарапайым мемлекеттік мектеп тек аттестат алу үшін қажет емес екенін көрсетеді. Меніңше, кеңес дәуірінің салдарынан түсініспеушілік болады. Әлі күнге дейін қағидалар менталды, егер жұмыста шаршамасаң демек жұмыс істемегенсің деген сөз деген секілді. Сол секілді оқуда. Сен процестен рахат ала алмайсың", - деп түсіндірді спикер. 

Видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің Facebook және "ВКонтакте" парақшасынан көруге болады.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады. 

Сондай-ақ подкастты Apple Podcasts, SoundCloudЯндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.

i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.

i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова, педагог, психолог Алексей Бабаянц, тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова, психолог, физиолог, биология ғылымдарының кандидаты Марьяна Безруких, психотерапевт, қоғам қайраткері Марина Таргакова, клиникалық псиxолог, нейропсиxолог Мирза Назгина, педагог, психолог Анна Быкова, халықаралық білім беру бойынша сарапшы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Марина Хан, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Негай, балалар психологы, ойын терапевті Виктория Гончарова, балалар психологы, арт-терапевт Елена Бурьевая, кәсіби коуч, ментор Мадина Билялова

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети