19 наурыз 2021 09:12

Батыс Қазақстан облысында карантин күшейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Тұрар Қазанғапов Фото Тұрар Қазанғапов

Батыс Қазақстан облысында 20 наурыздан бастап карантин күшейеді. Өңірдің бас санитар дәрігері Мұқамғали Арыспаев жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Батыс Қазақстан облысында 20 наурыздан бастап карантин күшейеді. Өңірдің бас санитар дәрігері Мұқамғали Арыспаев жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңірде сенбі мен жексенбіде жабық базарлар, сауда үйлері, сауналар мен спа-салондардың жұмысы уақытша тоқтатылады. Барлық кинотеатр, театр, мәдени нысан, банкет залы, түнгі клуб, бар, караокенің қызметіне тыйым салынады.

Ашық базарлар 9:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істеуіне болады. Жексенбіде олар да жабылады. 

Асханалар, кафелер, мейрамханалар сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істей алады, бірақ сыйымдылығы 50 пайыздан аспауы керек. Фуд-корттардан тамақ жеткізуге не алып кетуге болады.

Сұлулық салоны, шаштараз, косметикалық қызмет көрсететін орындар алдын ала жазылу бойынша жұмыс істеуі керек.

Бас санитар дәрігер 65 жастан асқан адамдарға үйден шықпауға кеңес береді.

БҚО-дағы шектеу шаралары мен мерзімі коронавирус таралуына байланысты қайта қаралуы мүмкін, делінген жаңа қаулыда.

Қазір БҚО коронавирус таралуы бойынша "сары" аймақта тұр, инфекциялық төсек-орынның 50 пайызы бос емес. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети