10 тамыз 2018 | 12:49

Бауыржан Байбек Денис Теннің өлімі жайлы: Мұндай трагедия қайталанбауы үшін қолдан келгенді жасау қажет

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Бауыржан Байбек Алматыда Денис Теннің есімін мәнгі есте сақтау мәселесін жеке бақылауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бауыржан Байбек Алматыда Денис Теннің есімін мәнгі есте сақтау мәселесін жеке бақылауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Денис Тенмен болған қайғылы жағдай бүкіл әлемді дүрліктірді. Біз қазақстандықтардың ауызбірлігін, жаны ашығандарын және күйінішін көрдік. Денистің ата-анасымен екі рет кездестім. Алдыңғы күні анасымен көрістік", - деді Бауыржан Байбек Қоғамдық кеңестің отырысы барысында.

"Алматы қаласы жыл сайын жастар арасында мәнерлеп сырғанаудан өтетін халықаралық турнирге әлем жұлдыздарын шақырады. Алматы - қысқы спорт түрлерінің қаласы. Сондықтан бұл турнир біздің қаламыз үшін керек. Ескерткіш орнату жайлы да айтқан болатынбыз. Құрамында Денистің анасы болатын арнайы комиссия ұйымдастырдық. Байқау жариялаймыз. Спортшының туыстарында Денис Тен жайлы кітап жазуға болатын материалдар бар. Сондай-ақ, біз қажетті қаржылай көмек көрсетеміз. Осы мәселенің барлығы менің жеке бақылауымда болады. Бізге берілген тапсырма - Бауыржан Байбек Денис Теннің өлімі жайлы: Мұндай трагедия қайталанбауы үшін қолдан келгенді жасау қажет", - деді Алматы әкімі.

Мұның алдында Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, оған "Халық қаhарманы" атағын беру ұсынылған болатын.

Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Кейінірек қоғам белсенділері ІІМ мен ІІД басшылығын ауыстыруды талап ететіндерін мәлімдеген еді.

Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.81  course up  542.31  course up  5.25  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer