08 сәуір 2024 18:09

Бишімбаевтың сотында "жедел жәрдем" операторының жазбасы тыңдалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz Фото ©️ Tengrinews.kz

Экс-ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысында Салтанат Нүкенова қайтыс болған мейрамханадан түскен қоңырауға жедел жәрдем операторы жауап берген жазба тыңдалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Экс-ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысында Салтанат Нүкенова қайтыс болған мейрамханадан түскен қоңырауға жедел жәрдем операторы жауап берген жазба тыңдалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нүкенова қайтыс болған күні мейрамханаға барған полиция қызметкерінен жауап алынған соң, оның видеотіркегішіндегі жазбаны көру туралы шешім қабылданды. Бұған дейін Бишімбаевтың адвокаттары жедел жәрдем операторымен әңгіменің жазбасын тыңдауды сұрады.

Жедел жәрдемді кім шақырғаны нақтыланбайды. Бұл Бишімбаевтың ағасы – екінші сотталушы Бақытжан Байжанов болуы мүмкін. Ер адамның дауысы телефон арқылы мейрамханаға бригада керек екенін айтады. Оператор барлық мәліметті анықтағаннан кейін ол "науқастың" тамыр соғысы бар-жоғын сұрайды.

"Күйеуінен сұраңыз, тынысын тексерсін - ол дем алып жатыр ма? Кеудесі көтеріліп жатыр ма? Қараңыз", - деді әйел.

Қоңырау шалға адам: "Жоқ, мен білмеймін", - деп жауап берді.

Тағы сұрағаннан кейін ол Салтанаттың тыныс алмай жатқанын айтады.

"Екі саусақты мойынға, трохея бойына қойыңыз, тексеріңіз, тамыр соғысы бар ма? Өйткені тамыр соғысы болмаса, қазір жедел жәрдем келгенше реанимация жасаймыз", - дейді жедел жәрдем операторы.

"Мен тамыр соғысын сезбей тұрмын, - дейді ер адам.

Осы кезде артқы жақтан Қуандық Бишімбаевтың дауысы естіледі. Ол жылап, айқайлайды: "Ол өліп қалды, ол өліп қалды". Сондай-ақ, Нүкенованы реанимациялау кезінде Бишімбаев оның есімін айтады. Толығырақ видеодан тыңдай аласыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети