15 қыркүйек 2014 | 20:08

БҚО әкімі мен оның орынбасарлары "Нұр Отан" партиясына қарыз болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО әкімі Нұрлан Ноғаев. Фото akim.bko.kz БҚО әкімі Нұрлан Ноғаев. Фото akim.bko.kz

Батыс Қазақстан облысы басшылығының "Нұр Отан" партиясына мүшелік жарна бойынша берешегі бар. Бұл туралы Партиялық бақылау комитетінің отырысында Парламент Сенатының депутаты, Партиялық бақылау комитетінің мүшесі Владимир Редкокашин мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысы басшылығының "Нұр Отан" партиясына мүшелік жарна бойынша берешегі бар. Бұл туралы Партиялық бақылау комитетінің отырысында Парламент Сенатының депутаты, Партиялық бақылау комитетінің мүшесі Владимир Редкокашин мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"2013 жылдың төртінші тоқсанында мүшелік жарнаны төлеу бойынша берешек БҚО әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Ноғаевта, облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкеновте, облыс әкімінің орынбасары Ербол Салықовта (қазіргі облыс әкімінің көмекшісі), облыс әкімі аппаратының басшысы Марат Тоқжановта және басқаларында болған", - деді В.Редкокашин.  

Владимир Редкокашиннің айтуына қарағанда, 2014 жылдың тамыз айында партия орталық аппаратының жұмыс тобы және комитет Батыс Қазақстан облысындағы филиалына барып, партиялық органның жұмысымен жан-жақты танысып қайтқан. 

"Партияның облыстық филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы және партиялық тәртіпті сақтау, сондай-ақ мүшелік жарнаны уақыты төлеу жұмыстары айрықша жүргізілді. Алты айда жүргізілген жұмыстың нәтижесінде, партияның 24 мүшесі жауапкершілікке тартылды, оның ішінде жетеуі - жемқорлығы үшін жазаланды. Сонымен бірге басқа да кемшіліктер мен қателіктер бар. Партияның ең маңызды талаптарының бірі - мүшелік жарнаны уақытында жинау", - деді В.Редкокашин.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы партияның мүшелері 25 мыңға азайған. Оған партиялық тәртіпті бұзу, жарғыдағы талаптарды орындамау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа жол беру жағдайлары басты себеп болып отыр. "Заң бұзушылыққа жол бергендер партиядан шығарылады. Әрбір жағдай мұқият тексерілетін болады", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети