23 маусым 2020 19:57

БҚО-да демалыс күндері шектеу енгізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында демалыс күндері, яғни, 27-28 маусымда шектеу шаралары енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Батыс Қазақстан облысында демалыс күндері, яғни, 27-28 маусымда шектеу шаралары енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенбі және жексенбі күндері өңірде азаматтардың жүріп-тұруына шектеу енгізіледі. Сондай-ақ барлық базар, сауда үйі мен сауда-ойын-сауық орталықтары жабылады. Қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады.

Жаңа уақытша шектеу шаралары туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен арнайы брифингте хабарланды. БҚО әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев COVID-19 ауруымен қолайсыз жағдайға байланысты карантинді күшейту туралы шешім қабылдағанын айтты.

"БҚО бас санитарлық дәрігерінің қаулысы шықты. Бұл қажет шара. Оны жедел штабтың барлық мүшесі қолдады. Жұмысқа баратын азаматтардан басқа адамдардың жүріп-тұруына шектеу қойылады. Үйге жақын орналасқан дүкен мен дәріханаға шығуға болады. Сондай-ақ шұғыл жағдай бойынша медициналық ұйымдарға шығуға және үй жануарларын серуендетуге болады. Сенбі және жексенбі күндері 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуын шектеуді сұраймыз. Үйдің жанындағы дүкендерден басқа барлық сауда-ойын-сауық орталығының, базардың жұмысы тоқтатылады. Сондай-ақ қоғамдық тамақтану нысандары, фитнес-орталықтар, саябақтар, скверлер, жағажайлар жабылады және қоғамдық көлік жұмыс істемейді", - деді ол.

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков демалыс күндері қалада ауқымды дезинфекциялық жұмыстар ұйымдастырылатынын айтты.

"Қала бойынша автокөлік қозғалысы шектеледі. Облыс орталығының тұрғындарынан түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", - деді қала әкімі.

Айта кетейік, БҚО-да коронавирус жұқтырған 1186 адам анықталған. Оның ішінде 822 аурудан айықса, 6 адам қайтыс болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети