29 желтоқсан 2020 09:16

БҚО-да жол апаты болып, екі адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Самара-Шымкент тасжолында жол апаты болып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Самара-Шымкент тасжолында жол апаты болып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңірдегі төтенше жағдайлар департаменті хабарлауынша, жол апаты 28 желтоқсанда сағат 17.24-те Сырым ауданындағы Қызылағаш ауылынан жеті шақырым жерде болған. 

"ВАЗ-2114 және Lexus көліктері соқтығысты. Жол апаты кезінде ВАЗ-дың жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Олардың денесі көлік салонында қысылып қалған, оларды арнайы құралдардың көмегімен өртсөндіру бекетінің қызметкерлері алып шықты", - БҚО ТЖД баспасөз қызметі өкілдері. 

Бүгінде бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды. 

Айта кетейік, таяуда төтенше жағдай қызметкерлері дауылды ескерту жариялаған болатын. Батыс Қазақстан облысында қатты тұман болады. 28 желтоқсанда кешкі уақытта өңіре барлық бағыт бойынша жол жабылғаны хабарланды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети