01 сәуір 2022 10:00

Бірнеше қаладағы "мина", шетелдегі қаржыны қайтару. 31 наурызда Қазақстанда және әлемде не болды?

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматы әуежайына шабуыл жасаған кім? Қазақстандық шенеунікке 23 миллион теңге айыппұл неге салынды? Қазақстанның шетелдегі қаражаттары қалай қайтады? Tengrinews.kz тілшісі өткен күннің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады. 


Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматы әуежайына шабуыл жасаған кім? Қазақстандық шенеунікке 23 миллион теңге айыппұл неге салынды? Қазақстанның шетелдегі қаражаттары қалай қайтады? Tengrinews.kz тілшісі өткен күннің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады. 

EXPO 2020: Қазақстан павильоны үздік үштікте

Қазақстан павильоны EXPO 2020 көрмесінде екінші орын алды. Бірінші орын - Германия, үшінші орын - Италия. Біздің павильонда келушілер Қазақстанның әлемдегі орны, тарихы, мәдениеті, туристік әлеуеті, экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат ала алды.

Фото: Tengrinews.kz/Мейірім Смайыл

Жәнібек Әлімханұлы WBO белбеуі үшін таласады

21 мамырда Жәнібек Әлімханұлы мен ұлыбританиялық боксшы Дэнни Дигнумға орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша уақытша титулға таласатыны белгілі болды. Мұны Карл Мореттидің өзі мәлімдеді.

Delta Bank топ-менеджерлеріне қатысты тергеу аяқталды

2012-2017 жылдар аралығында Тілеубаев Н.С. (Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендері рейтингіне кіреді) несиелер беру арқылы банк қаражатын сыртқа шығарғаны анықталды. Тергеу барысында күдіктілер мен олардың жақын туыстарының жалпы құны 48 миллиард теңгеден асатын мүлкіне, 5 қант зауытына, 20-дан аса жер теліміне, 70 жылжымайтын мүлік нысанына және 40 көлікке тыйым салынды

Бірнеше қалада мина қойылды деген ақпарат тарады

Полицейлер Алматыда "мина қойылды" деген барлық нысанды тексеріп шықты. Әуежайда, екі сауда үйінде және университетте тексеру болды, олар жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан мен Қарағандыдағы нысандарға да "бомба қойылғаны" туралы жалған ақпарат шықты. Дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша соталды тергеу басталды.

Фото ©Tengrinews.kz 

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматы әуежайына шабуыл жасаған кім?

ІІМ Көліктегі полиция басқармасының мәліметінше, Алматы қаласында тұратын 24 жастағы Жамбыл облысының тумасы ұсталды. Ол биылғы жылдың 5 қаңтарында басқа да тәртіпсіздіктерге қатысушылармен бірге қару-жарақ дүкенінен қару ұрлап, Алматы әуежайына қарулы шабуыл жасаған. Содан кейін ер адам сыбайластарымен Алматы қалалық ІІД ғимаратын таңғы сағат 6-ға дейін қоршауға алған

Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін 

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды, туристерді және демалушыларды қар көшкінінің болуына байланысты қар басқан беткейлерге шықпауға, сондай-ақ таулы аймақтарда барлық қауіпсіздік шаралары мен тәртіпті сақтауға шақырды. Ведомствоның мәліметінше, Алматы облысының таулы аймақтарында 1-4 сәуір аралығында қар көшкіні жүру қаупі бар.

Қазақстанда қанша ресейлік азамат бар?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов Ресейден Қазақстанға еңбек мигранттарының көптеп келуі байқалмайтынын айтты. Оның сөзінше, қазір Қазақстанда 100 мыңға жуық Ресей азаматы бар. Оның 6 мыңы 2022 жылдың басынан бері жұмысқа келген

Ерлан Қошанов Мәжіліс жұмысының жаңа форматын түсіндірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Мәжіліс төрағасы Парламенттің төменгі палатасы жұмысының жаңа форматтары туралы айтты. Депутаттар енді өз жұмыстарында ашықтықты арттыруға, парламенттік мәдениетті нығайтуға және халықпен арадағы ықпалдастықты күшейтуге баса мән береді. Қоғамдағы өте маңызды мәселелер бойынша парламенттік тыңдалымдар мен басқа да іс-шаралар жиі өткізіледі.

Фото:akorda.kz 

Қазақстанда қылмыстық активтерді қайтару органы ашылатын болды

Қазақстанда активтерді қайтару бойынша ұлттық үйлестіруші құрылады. Оның құзыретіне активтерді қайтару саясатын әзірлеу, оны іске асыру үшін қажетті құқықтық негізді қалыптастыру, сондай-ақ осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту кіреді. Оны құру Қазақстанның және осындай бөлімшелер жұмыс істеп тұрған көптеген дамыған елдердің юрисдикциялары арасындағы сенім мен жақындықты ынталандыратын болады

Шетелдегі қаржыны қайтару жұмыстары қайта жанданды

Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес кедендік әкімшілендіру ісін жетілдіру бойынша қабылданып жатқан жедел әрі жүйелі шаралар, шетелдегі қаржыны қайтаруды және елден ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимылдардың нақты тетіктері пысықталып жатқаны туралы мәлімдеді

Қазақстандық шенеунікке 23 миллион теңге айыппұл салынды

Түркістан қалалық соты Түркістан облысы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті басшысының міндетін атқарушы Дадаметовті мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 23 миллион теңге көлемінде айыппұлға соттады. Ол Түркістан облысының "Азаматтарға арналған үкімет" қызметкерлерінің Атанбеков, Налибаев, Пірәлиев және Камалдың жеке тұлғаларға зейнетақыны кедергісіз тағайындағаны үшін 150 мың теңгеге дейін пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Байден мұнай бағасының күрт құлдырауына себеп болды

Brent және WTI маркалы мұнайдың әлемдік бағасы 5 пайызға арзандады. Мұнай бағасына қысым Джо Байденнің АҚШ стратегиялық мұнай қорынан (SPR) 180 миллион баррельге дейін бөлу мүмкіндігін жариялаған мәлімдемесі арқылы жасалды. Айта кетейік, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10:50-дегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері барреліне 107,98 долларға дейін, маусым фьючерстері барреліне 106,22 долларға дейін төмендеді.

Фото ©REUTERS 

Оңтүстік Осетия Ресей құрамына кіруді ұйғарды

Оңтүстік Осетияның Президенті Анатолий Бибилов өзінің халыққа үндеуінде Ресеймен бірігу елдің стратегиялық мақсаты екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, республикада Ресей құрамына кіру үшін референдум шақыру қажет. Президент бұл үшін барлық заңды қадамдар ең қысқа мерзімде жасалатынын айтты.

© РИА Новости  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети