Қазақстанда бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің кезектен тыс және мәслихаттың кезекті сайлауы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің кезектен тыс және мәслихаттың кезекті сайлауы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана уақытымен таңғы 7.00-де елдің басым өңірлерінде сайлау басталады. Сайлау 20.00-ге дейін жалғасады.
Парламенттің төменгі палатасының орындарына алты саяси партия таласады: "Нұр Отан", "Ақ Жол" Қазақстанның демократиялық париясы (ҚДП), Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП), Қазақстан коммунистік халық партиясы (ҚКХП), "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы және "Бірлік" партиясы.
Кампания аясында төменгі палатадан 107 депутат таңдалады, оның ішінде 98-і партия тізімі бойынша да, тағы тоғызы Қазақстан халқы ассамблеясынан.
Сайлауды Орталық сайлау комиссиясы, 224 аймақтық және 9 840 учаскелік сайлау комиссиясы, оның ішінде 65-і шет елдерде дайындап, өткізіп жатыр.
Сайлау күні ОСК әр екі сағат сайын сайлаушылардың қатысуы жайлы мәліметті жария етіп отырады. Ал сағат 00.00-де қанша адамның дауыс бергені жайлы алдын ала мәлімет жария етіледі. Лсы уақытта exit poll мәліметтері жария болады.
Парламент сайлауының алдын ала қорытындысы 21 наурызда белгілі болуы мүмкін.
Биылғы 13 қаңтарда Мәжіліс депутаттары бесінші шақырылым депутаттарының өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатуды және жаңа Парламент сайлауын тағайындауды сұрап, бастама көтерген еді. Мәжілісмен Нұрлан Әбдіров бұл шешімнің "елдегі экономикалық жағдайдың ушығуына байланысты" қабылданғанын айтты. 18 қаңтарда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыповпен, Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаевпен және премьер-министр Кәрім Мәсімовпен кеңес өткізген еді. Кездесуге Президент Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин де қатысты. Кеңес кезінде Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу туралы бастамасы қаралды. Екі күннен кейін Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасап, депутаттардың бастамасын қолдау туралы шешімнің қабылданғанын жария етті. Сол күні кезектен тыс сайлаудың мерзімі белгіленді.
Сайлауалды кезеңнің хронологиясымен мына сілтемеден танысуға болады.