15 қыркүйек 2021 16:56

"Бұл - заңсыздық". Қаржы министрлігі тағы да сынға ұшырады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Nur Otan партиясы жанындағы экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Қазақстан премьер-министріне Қаржы министрлігінің жаңа пилоттық жобаларын енгізуді тоқтатуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Nur Otan партиясы жанындағы экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Қазақстан премьер-министріне Қаржы министрлігінің жаңа пилоттық жобаларын енгізуді тоқтатуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты Президент үкімет алдына "бюджет кірістерін ұлғайту бойынша маңызды және нақты міндет" қойғанын айтты. Әңгіме шағын бизнесті дамыту, инвестицияларды ұлғайту және салық базасын кеңейту туралы болды.

"Қаржы министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын түсінеді, Қазақстан халқына жолдауындағы міндеттерді орындайды. Бірақ, шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторийді жоюды ұсынды.

Салық органдары басқарудың тиімді амалдарын жүргізудің орнына, бизнесті құрдымға жібергілері келетін сияқты. Қазақта осындайда айтылатын: "Шаш ал десе бас алады" деген жақсы сөз бар", - деп Жамалов Мәжіліс отырысында сөз сөйледі.

Аманжан Жамаловтың айтуынша, Салық кодексінің 68-бабын пайдалана отырып, "Министрлік көптеген пилоттық жобаларды іске асырған". Сондай-ақ, сегіз жоба қабылданып, тағы екі пилоттық жоба келісу кезеңінде екенін айтты.

Олардың бәрі салық төлеушілерге жаңа талаптар қояды және оларға қосымша жүктеме жүктейді.

"Мысалы, "электрон шот-фактуралар" ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, ҚҚС-ты әкімшілендіру бойынша пилоттық жоба камералық бақылау бойынша хабарламаны орындаудың жаңа тәсілін енгізеді. Ал, норма осы процеске мүлдем қатысы жоқ, тауарды түпкілікті алушыдан салық өндіріп алуға бағытталған.

Егер ТІЖ-де толық мәлімет көрсетілмесе, КТС және ҚҚС есептеу әдісімен есептеу кезінде тауар құнын шегерімге жатқызуға тыйым салады", - деп жалғастырды Жамалов.

Депутаттың айтуынша, ЕАЭО-дан импортты әкімшілендіру бойынша пилоттық жоба мемлекеттік кірістер комитетіне кедендік тексеру жүргізу кезінде шығыс операцияларын тоқтата тұруға мүмкіндік береді.

"Ал қашықтан бақылау бойынша пилоттық жоба - бұл заңсыздық. Ол салық органдарының дәлелді шешімі негізінде тексерусіз қосымша салықтарды қамтиды. Ал тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік органның кез келген дәлелді шешімі сыбайлас жемқорлыққа толы.

Темекі, алкоголь және сүт өнімдерін таңбалау бойынша пилоттық жобалар бизнесті ерекше алаңдатады. Олар электрон шот-фактуралар жүйесін қайталайды және тауарлар құнының және кәсіпкерлер үшін қосымша шығындардың тікелей өсуіне әкеледі.

Бұл пилоттық жобалардың тиімділігі әлі расталған жоқ. Мұның бәрі керісінше іскерлік жағдайды нашарлатады. Ал бизнес бұл пилоттық жобалар тәсілін қайта қарауды және жоюды белсенді түрде сұрап отыр", - деді Аманжан Жамалов.

Мәжіліс депутатының айтуынша барлық пилоттық жоба, Қаржы министрінің тәуелсіз бұйрығымен енгізілген.

"Неге бұлай болып жатыр? Неге пилоттық жобалардың қажеттілігі бизнеспен талқыланбайды? Пилоттық жобалардың идеясы салықтық әкімшілендірудің жаңа цифрлық құралдары мен тетіктерін апробациядан өткізу болды. Алайда іс жүзінде олар Салық кодексін айналып өтіп, салық нормалары мен міндеттемелерін өз бетінше түсіндіруге мүмкіндік берді.

Жалпы, Қаржы министрлігі Президент қойған нақты мақсаттар мен міндеттері орнына өз мақсаттарын алмастырып жатқанға ұқсайды. Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырмалар іс жүзінде бизнесті мазақ етудің бюрократиялық түріне айналады", - деп қосты Жамалов.

Депутат пилоттық жобалардың іске асырылуы мен тиімділігі туралы толық ақпарат алуды, жаңаларын енгізуді тоқтатуды және бір мезгілде жүргізілетін пилоттық жоба санын шектеуді сұрады. Егер басқаларды іске асыру әлі аяқталмаған болса, жаңа пилоттық жобаларды енгізуге болмайды, деп есептейді мәжіліс депутаты. Сонымен қатар, ол жүргізіліп жатқан пилоттық жобалардың нәтижесі бойынша Салық кодексін жетілдіруге  ұсыныстар енгізуді сұрады.

Бұған дейін Nur Otan партиясы жанындағы Экономикалық даму және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Аманжан Жамалов Қаржы министрлігі бизнесті тексеруге мораторийді алып тастау туралы ұсынысымен Президент тапсырмасын бұзады деп санайтынын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети