08 маусым 2020 | 20:12

Cтресс пен жасөспірім кездегі депрессия. i-balaqai жобасында Марьяна Безруких

ПОДЕЛИТЬСЯ

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында психолог, физиолог, биология ғылымдарының кандидаты Марьяна Безруких стресс, жасөспірім кездегі депрессия туралы, компьютерге және асқа деген тәуелділік жайлы түсіндіріп берді. Сарапшы карантин кезінде үйде отыруға мәжбүр болған адамдарға қоршаған ортаға қайта сіңісіп  кету жолдарын түсіндірді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады. 


Иконка комментария блок соц сети

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында психолог, физиолог, биология ғылымдарының кандидаты Марьяна Безруких стресс, жасөспірім кездегі депрессия туралы, компьютерге және асқа деген тәуелділік жайлы түсіндіріп берді. Сарапшы карантин кезінде үйде отыруға мәжбүр болған адамдарға қоршаған ортаға қайта сіңісіп  кету жолдарын түсіндірді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады. 

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Тікелей эфирлер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі өтеді.

Марьяна Безруких ата-аналар мен балалар карантин кезінде бір-бірін жақсырақ танығанымен, ашуланып, көңілі толмайтын кездер де болған. 

"Осындай тығыз байланыс бұрын белгісіз болған мәселе катализаторы. Яғни, бұрын отбасы мүшелері арасында шиеленіс болса, ата-ана мен бала арасында қандай да бір мәселе болса, бұл жағдайда ара-қатынастағы мәселенің катализаторы. Бұл жағдайға көптеген фактор әсер еткен. Мен, физиолог ретінде айтарым, бұл күнделікті қиындық, күнделікті шиеленіс пен күнделікті мәселе болғандықтан онымен қалай да күресу керек болды", - дейді физиолог. 

Спикер Ресей мен Италиядағы қашықтан оқу тәжірибесі туралы бөлісті. 

"Италиялық мектеп те, ресейлік мектеп те баланы аяп отырмайды. Жағдай жағдайымен, бірақ мектеп бағдарламасын ұмытпау керек. Мектеп бағдарламасын бұрынғыдай өту керек. Балаларды экран алдына отырғызып, мұғалімдер сабақ өтті. Бірақ бір аптадан кейін 4-5 сабақ отыру, ал үлкен сыныптар одан көп уақыт отыруы қиын екенін түсіндік. Ал 10 күннен кейін барлығы тікесінен тік отырудан жалықты да сабақ уақытын азайтты. Бірақ балаларға берілетін тапсырма азайған жоқ, сондықтан ата-аналары да көмектесіп, сабақты бірге оқып, тапсырма орындап, түсіндіре бастады", - дейді спикер.  

Ескеру керек маңызды фактор - физикалық белсенділіктің төмендеуі. Спикердің айтуынша, адамдар үйде біраз уақыт отыруға мәжбүр болғандықтан қоршаған ортаға қайта үйренісуіне уақыт керек. 

"Стресс жағдайы тек  жүрек-қан тамырлары жүйесіне емес, сондай-ақ дем алуға, психикалық шиеленісті тудырып, мидың дамуына да кері әсер етеді", - дейді физиолог.

Марьяна Безруких ата-аналарға жанжал болған кездерді анализ жасауға кеңес берді. Маманның италиялық әріптестері төртінші, бесінші аптада неврозға ұқсас жағдай туындайтынын ескерткен, яғни, баланың ұйқысы бұзылып, жиі ашуланып, тәбеті қашады. Жасөспірімдерді ата-анасы бала бөлмесіне барып, айғайлап алатынын жазған. 

"Бұл жағдайдың шиеленіп бара жатқанын білдіреді", - деді маман. 

Жасөспірімдерде 11-13 жасында депрессия белгілері көріне бастайды. Физиологтың сөзінше, бұл кезде балаларда жыныстық жетілу басталады. Адамдар балалардың жыныстық жетілу кезеңі кеш болады деп ойлайды. Ол шын мәнінде олай емес. Бұл кезең негізі ерте басталады. Кей балаларда тіпті 9-10 жасында жетіледі. 

"11-13 жасында функциялық қор төмендейді. Яғни, адамның қоршаған ортаға сіңуі қиындайды. Айтпақшы, осы кезеңде балаларда оқу қабілетіндегі когнитивтілік жоғалады. Назар қойып тыңдауы, оны қабылдауы, есте сақтау қабілеті дегендей. Ал оларға артылатын талап көбеймесе, азаймайды. Яғни, балалар үлкен күш салып жұмыс істейді. Балаларда гормондық бум болады, сондықтан, әрине, бұл - депрессия элементтері", - дейді физиолог. 

Одан бөлек, заманауи мектеп оқушыларының ата-анасымен ішкі байланысы да қадағаланатынын айтады. 

"Адекват жоспар болуы керек. Шын мәнінде орындай алатын нәрсені қолға алу керек. Ал тұлғалық өсу бойынша мамандар мүмкіндіктер шегінен шығуды ұсынады да, ата-аналар да балалардан, әсіресе жасөспірімдерден соны талап етеді. Бұл депрессия мен невроздың тууына әсер етеді. Егер әке-шешесі депрессияда жүрсе, ол баланың денсаулығына әсер етуі мүмкін. Егер ата-ана "Шаршадым. Істей алмаймын. Зауқым болмай тұр. Бұл жайт мені шаршатты" деп айта беретін болса, сонда бала не істеуі керек? Біз балаға беретін тәрбие үшін жауапкершілікті түсінуіміз керек. Егер біз бір формуланы қайталай берсек, шын мәнінде солай болады. Сондықтан бала бойындағы күйзеліс әдетте депрессив ортасына байланысты", - дейді маман. 

Сарапшының сөзінше, гаджеттерді "зиян" деп айту - қате. Гаджетті қолданудың артықшылығы мен кемшілігі бар. 

"Гаджеттердің әсері туралы түрлі зерттеу бар. Мұнымен дүние жүзіндегі зертханалар жұмыс істейді. Ең зияны - компьютерге деген тәуелділік. Сондай-ақ түрлі ойын керісінше әсер етеді", - дейді психолог. 

Марьяна Безрукихтің сөзінше, егер бала компьютер алдында 3,5 сағаттан көп отырса, демек ол бала компьютерге тәуелді деген сөз. 

"Зиян тағам" деп айту - қате. Асты шамадан тыс, уақытылы ішпесе пайдасыз болуы мүмкін емес. Ал жалпы ас ішпеу мүмкін емес. Тағамды тұтынбау мүмкін емес. Заманауи өмірде, жалпы гаджеттер болмайтын жағдай жасауымыз мүмкін емес. Бәлкім, гаджеттерді қолдану сапасы өзгерер, бірақ гаджет адамның өмірінде ең қажет зат болып қала бермек. Сол секілді, ас ішуде де біз балаға шектеу қойып, оны уақытында ішіп, дұрыс пайдалануды үйретуіміз керек. Мамандар, оның ішінде, дәрігерлер балаға төрт жасынан бастап гаджет беру бұрыс екенін айтады.

Егер мультфильм көретін болса, планшеттен не теледидардың орнына компьютер экранынан 10-15 минуттық мультфильм көрсе, бірақ гаджет баланың қолында болмауы керек", - дейді маман. 

Компьютерге тәуелді болуға эмоциялық еркіндік әсер етеді. 

"Бала жылап, оның көңіл-күйі түседі де біз оған планшетті ұстаттқаннан кейін бала тынышталады. Сол секілді тамақ іше берудегі тәуелділік. Бала жылап, оның көңіл-күйі түседі де ата-анасы бала тынышталуы үшін шоколад ұстатады. Осылайша біз бұрыс тамақтану тәртібін қалыптастырамыз", - дейді физиолог. 

Ересектер балалар қолданатын контентті бақылап, оны балаға хабарлау арқылы тартып алуына болады. Оны ерте жастан бастау керек. 6-9 жас аралығындағы балалардың жеке компьютері болғаны бұрыс. 

"Бірге ойнасаңыздар болады. Түрлі ойын бар, онлайн-музейлер ашылған. Неге баламен ойнап, бірге саяхаттамасқа? Былтыр, мен қызмет ететін жас физиологиясы институтында бірнеше зерттеу жасадық. Зерттеу бойынша, 10-12 жас аралығындағы балалардың көретін контентін көп бақыланбайды, ал 14 жастағы жасөспірімдердің көретін контентін ата-анасы мүлде басқармайды", - дейді психолог. 

Сондай-ақ психолог, физиолог Марьяна Безруких жоба серіктесі Altel ұялы байланыс операторының сұрақтарына жауап берді. Оның айтуынша, баланы мектеп жасынан бастап интернетті қолдануға үйрете бастау керек. 

"Мектеп жасынан бастап үйрету керек. Бұл гаджетті тиімді пайдаланудың бір жолы. Интернет - білім үшін, өзіңді табу үшін, мәдени, шығармашылық дамуға арналған фантастикалық құрал", - дейді маман.  

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тамашалай алады. 

Сондай-ақ подкастты SoundCloudЯндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.

i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.

i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова, педагог, психолог Алексей Бабаянц, тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети