29 маусым 2022 14:44

Депутат қызғалдақ жұлғандарға салынатын айппұлды алып тастауды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс депутаты Мәди Елубаев Қызыл кітапқа енген қызғалдақтар мен лотос үшін айыппұлды алып тастауды сұрады. Ол адамдар бұл өсімдіктердің сирек кездесетінін білмей миллиондаған айыппұл төлеп, несиеге кіріп жататынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаты Мәди Елубаев Қызыл кітапқа енген қызғалдақтар мен лотос үшін айыппұлды алып тастауды сұрады. Ол адамдар бұл өсімдіктердің сирек кездесетінін білмей миллиондаған айыппұл төлеп, несиеге кіріп жататынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚК-нің 335 және 336-баптарында санкциялар өте қатаң. Бүгінгі таңда азаматтарымыз жабайы қызғалдақтар мен лотостарды жұлып алғаны үшін миллиондаған айыппұл төлейді. Көп адам олардың Қызыл кітапқа енгенін білмейді.

Мысалы, бірнеше жабайы қызғалдақты жұлып алған адам ұсталды. Оған 8 миллион теңгеден аса айыппұл салынды. Бұл айыппұлды жабу үшін ол несие алып, өзін тығырыққа тіреді. 

Мұндай адамдар үшін жазаны жеңілдету қарастырыла ма? Мүмкін, бұл жабайы қызғалдақтар мен лотостарды сирек кездесетін өсімдіктер тізімінен шығарып, Қызыл кітапқа енгізу керек шығар" - деп сұрады депутат Мәжіліс отырысында.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Қазақстан Конституциясының 38-бабына сәйкес барлық қазақстандық қоршаған ортаны сақтауға міндетті екенін айтты.

"Санкциялар тек құқық бұзушыларға қатысты қарастырылған. Сіздің ұсыныстарды жұмыс тобы шеңберінде қарастыруға дайынбыз", - деді министр.

Еске салайық, Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген қызғалдақтар жойылу алдында тұр. Белсенділер қазір адамдар сирек гүлдерді жұлуды және таптауды тоқтатпаса, болашақта Оңтүстік Қазақстан далалары гүлдерінен айырылуы мүмкін деп дабыл қағып жатыр.

Былтыр Шымкент тұрғыны 6 қызғалдақты жұлғаны үшін 9 миллион теңге айыппұл төлеуі мүмкін екені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети