03 шілде 2020 | 20:18

Дистресс пен балалар арасындағы суицид. i-balaqai жобасында Николай Негай

ПОДЕЛИТЬСЯ

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Негай стресс адамның өз-өзіне қол жұмсауына итермелейтінін айтты. Сарапшы мұндай жағдайда неге назар аудару керегін және оның алдын алу туралы айтты. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.


Иконка комментария блок соц сети

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Негай стресс адамның өз-өзіне қол жұмсауына итермелейтінін айтты. Сарапшы мұндай жағдайда неге назар аудару керегін және оның алдын алу туралы айтты. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Тікелей эфирлер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі өтеді.

Николай Негай стрестің екі түрі барын айтты, олар: эустресс және дистресс. Біріншісі организмде бейімделу реакциясын тудырады және белгілі бір қиындықты жеңуге ықпал етеді. Екіншісі бейнеден, негативтен құралады. 

"Стресс деген не? Бұл организмнің оған қойылатын кез келген талапқа немесе қоршаған ортаны өзгертуге арналған белгілі бір жауабы", - дейді маман. 

80 пайыз жағдайда балада стрестің қандай түрі пайда болатыны ата-анаға байланысты:

"Егер ата-анасы стресті жақсы қабылдаса, бала да оны қалыпты қабылдайды. Егер ата-ана қорқып, дистресс басталса, ол бұл жағдайды күні-түні ойлайтын болады. Әрине, бұл балаға да әсер етеді. Сондықтан бұл жағдайда бастысы ата-ананың өзін ұстай алуы керек", - дейді сарапшы. 

Николай Негай ата-аналар баласын жиі ойлауы генетикадан қалыптасқан жайт екенін айтады. 

"Біз ата-анамыз не өзімізді аз ойламасақ та, балаларымызды көбірек ойлаймыз. Біз үшін балаға қатысты жайттың бәрі стресс тудырады. Сондықтан ата-ана ұрпағын жиі ойлайды да, ол да балаға әсер етеді", - дейді ол.  

Стресс және дистресс жағдайларында адам мінез-құлқының биопсихоәлеуметтік моделінің тұжырымдамасы бар. Оған сәйкес үш фактор (био-психо-әлеуметтік) барлық жағдайда қорғау және патогенді әсер етеді. 

Биологиялық фактор генетикаға жатады және ол жеке бейімділігін, сипатын, ауруын білдіреді. Осы бағытта ата-аналардың міндеті баланың жағдайын жасау, оның денсаулығы, режимі мен тамақтануына көңіл бөлу.

Психологиялық жағы бір нәрсемен немесе біреумен қарым-қатынасқа түскенде әсер етеді. Ересек, жеке оң көзқарасты білдіре отырып баланың теріс эмоцияларын түзетуі мүмкін.

"Бұл шамамен үш секундтық жағдай. Үйге кірген кезде балаңыздың арқасын қағасыз, яғни, қандай да бір байланыс пайда болады", - дейді спикер. 

Әлеуметтік қатынастар туыстар (микроәлеуметтік орта) мен әртүрлі институт (макроәлеуметтік орта) арасында қалыптасады.

"Өкінішке қарай, біз жасайтын әрекет пен ақыл-ой кейде жүрек пен шынайы айтылатын әңгімеден басталады. Оларға жиі құлақ асу керек. Біз ақылға қонымды алгоритмдер қажет деп санаймыз. Балаларға қатысты басқа әдіс қолдану керек, себебі олар мұны іштей сезеді", - дейді маман. 

Дистресс бала тығырыққа тірелгенде пайда болады. 

"Емтиxан - аралық, бөгет, бірақ ол бірінші және соңғы қадам емес", - дейді спикер. 

Емтихан да стресс факторы, алайда оны көптеген бала көтере алмайды.  

"Ата-аналар жағдайдың шешімін табуы керек. Кейде: "Емтиханнан өтпесең, үйге кірмейсің" дейді. Яғни, бұл жайт адамды тығырыққа тірейді. Суицид жайлы айтсақ, бұл ұзақ комплексті ауыр динамикалық әрекет", - дейді маман. 

Николай Негайдың айтуынша, 90 пайыз жағдай - депрессиялық ауытқу, ол екі ай бойғы дистресс түріндегі ауытқудың салдары. 

"Яғни, алмасу процесі бұзылғанда, бұл жағдайда сиротанин, норадреналин мен допаминнің жетіспеуі пайда болады", - дейді Николай Негай. 

Бала екі айдай дистресте жүреді. Ең бірінші кезекте ол өзінің жақындарына жүгінеді. Ол досы, танысы, ағасы, анасы, әкесі, атасы, мұғалімі не нұсқаушысы да болуы мүмкін

"Бұл жағдайда балаға не болып жатқанын түсіну керек. Екі айда баланың қылығы өзгеріп, тұйық не ашуланшақ болуы мүмкін. Немесе темекі мен ішімдіктің иісі шығуы мүмкін. Яғни, қандай да бір өзгерістер болады", - дейді спикер. 

Маман суицид жасаған адамдардың жақынарының арасында зерттеу жүргізген. Олар бәрін сезген, тек ол назар аудару қажет белгі екенін білмеген.

"Олар бала көмек сұрап, белгі бергенін түсінбеген. Егер ол ашуланып, есікті тарс жапса, ол сізбен сөйлескісі келмейді деген сөз емес, бұл "Мен диалогқа дайынмын, сізге белгі беріп тұрмын" деген сөз. Ол есікті сіз назар аударуыңыз үшін қатты жабады", - дейді сарапы. 

Психолог стресс қалыпты жағдай екенін айтады. 

"Кез келген бала қандай да бір стрестен өткен. Емтихан алдында бұған дейін қатты қобалжыған сынақтан қалай өткенін есіне түсіреді. Сөйтіп сол жағдайды көз алдынан өткізеді. Иә, қиын жағдай болып, уайымдап, бірақ одан шыға алды. Яғни, енді сол жағдайға алдыңғы тәжірибесі көмекке келеді", - дейді ол. 

Николай Негай емтихан өмірдің бір кезеңі екенін айтады. 

"Өкінішке қарай, көбі емтиханнан өткеннен кейін бәрі керемет болады деп ойлайды. Яғни, емтиханнан өтсең, өмірің жақсара түседі дегендей. Емтихан - ол тек аралық кезең. Яғни, бала оған баға бее білуі керек. Оны ата-ана да, мұғалімдер де, баланың өзі де түсінеді", - дейді спикер. 

Видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің Facebook және "ВКонтакте" парақшасынан көруге болады.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады. 

Сондай-ақ подкастты SoundCloudЯндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.

i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.

i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова, педагог, психолог Алексей Бабаянц, тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова, психолог, физиолог, биология ғылымдарының кандидаты Марьяна Безруких, психотерапевт, қоғам қайраткері Марина Таргакова, клиникалық псиxолог, нейропсиxолог Мирза Назгина, педагог, психолог Анна Быкова, халықаралық білім беру бойынша сарапшы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Марина Хан

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 523.21   550.47   4.96 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети