02 мамыр 2020 10:22

Джек Ма Алматыға екінші мәрте гуманитарлық көмек жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Джек Мадан гуманитарлық көмектің екінші партиясы Алматыға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Джек Мадан гуманитарлық көмектің екінші партиясы Алматыға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2020 жылы 1 мамырда Алматыға "Джек Ма" және "Alibaba Group" қорларының гуманитарлық көмегінің екінші партиясы жеткізілді, оның ішіне тест жүйелері (50 016 дана) мен өкпені жасанды желдету аппараттары (30 дана) кіреді.

Гуманитарлық жүкті медициналық мекемелер арасында тарату үшін бірыңғай дистрибьютор – "СҚ-Фармация" ЖШС қабылдап алды.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Үкіметінің атынан "Джек Ма" және "Alibaba Group" қорларына COVID-19 індетімен күрестегі маңызды көмегі үшін алғыс білдіреді.

Осыған дейін 2020 жылғы 10 сәуірде белгілі қытайлық кәсіпкер елімізге 4,5 тоннадан астам медициналық қорғау құралдарын (медициналық маска, қорғаныс костюмдер, медициналық қолғап, түйіспесіз термометрлер) жолдаған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети