28 маусым 2017 18:11

Дін істері комитеті Қазақстандағы масондар туралы мәлімет білмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері жөніндегі комитеті Қазақстандағы масондар жайында айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері жөніндегі комитеті Қазақстандағы масондар жайында айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сауалға берілген жауапқа қарағанда, Комитет өкілдерінде Қазақстандағы масондар жайлы мәлімет жоқ.

"Ашық дереккөздерден масондардың 1717 жылы пайда болғаны белгілі. Масондық XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың басынан бастау алады. Бірақ Қазақстандағы масондар жайлы мәлімет бізде жоқ", - делінген Комитеттің сауалға берген жауабында.

Сондай-ақ, осыған дейін Қазақстанда төртінші масондардың пайда болғаны жайлы мәлімет тарады. Бұл туралы қазақстандық масондардың сайтында да жарияланған болатын.

"Иә, жақында Астанада масондар ұйымының бір бөлімі ашылды. Ол "Бәйтерек" деп аталды және ол масондардың төртінші ұйымы болып саналады", - деді ұйымның өкілі Сергей Кравченко.

Сондай-ақ, ол Қазақстанда алғаш рет масондар ұйымының 2015 жылы құрылғанын айтты. "Астанадан көп сауалдар түсті. Осыған байланысты Астанада осындай ұйым ашу қажеттігі туды", - деді ол.

Сергей Кравченконың айтуынша, қазіргі уақытта Астанада осы ұйымға 30-дан аса адам кірді. Олар - кәсіпкерлер мен зиялы қауым өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.14   490.7   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети