12 мамыр 2022 18:47

Досаев "Алматы жастары-2022" нақты қашан басталатынын айтты

Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен өткен кездесуде "Алматы жастары-2022" бағдарламасы қашан басталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен өткен кездесуде "Алматы жастары-2022" бағдарламасы қашан басталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімнің сөзінше, ипотекалық бағдарлама бойынша өтініш қабылдау 18 мамыр мен 1 маусым аралығында жүреді. Жас отбасыларға 18 миллион теңгеге дейінгі сомаға 5 пайыз жеңілдікпен қарыз беріледі. Ақшаны бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алуға жұмсауға болады. Бастапқы жарна 25 жылға дейінгі мерзіммен қарыз сомасының 10 пайызы.

"Алматыда 1000 жас отбасы баспанамен қамтылады, олардың арасында бюджеттік ұйымдардың сұранысқа ие мамандықтарының азаматтары: медицина қызметкерлері, мұғалімдер, ЖОО және ҒЗИ оқытушылары, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, халықты әлеуметтік қорғау және құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар", - деді Досаев. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети