05 мамыр 2021 14:16

ДСМ жетім балаларды мәжбүрлеп вакциналау туралы хабарды жоққа шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазнетте балалар үйлеріндегі балаларды COVID-19-ға қарсы мәжбүрлеп вакцинациялау жүргізіледі деген хабарлама тарады. Stopfake.kz ақпарат жалған екенін жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазнетте балалар үйлеріндегі балаларды COVID-19-ға қарсы мәжбүрлеп вакцинациялау жүргізіледі деген хабарлама тарады. Stopfake.kz ақпарат жалған екенін жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Балалар үйінің тәрбиеленушілерін коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау туралы ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақстанда балаларға COVID-19-ға қарсы екпе салынбайды - Балалар үйіндегі балаларға да, отбасыларда тәрбиеленетіндерге де. Бұл фейк", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Бүгінгі таңда Қазақстанда КВИ-ге қарсы екі вакцина қолданылуда: ресейлік "Спутник-V" және қазақстандық "QazVac". Екі препараттың клиникалық сынақтарына 18 жастан асқан адамдар қатысты. Яғни, бұл вакциналардың баланың ағзасына әсері туралы мәліметтер болмағандықтан екпе жасалмайды.

Қазақстанда мәжбүрлеп вакцинациялау заңсыз екенін атап өткен жөн. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 77-бабына сәйкес, азаматтар хабардар етілген келісімге немесе профилактикалық егулерді қоса алғанда, барлық медициналық манипуляциялардан бас тартуға құқылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети