12 шілде 2022 18:07

Екібастұз әкімі отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ардақ Қаңтарбаев. Фото:gov.kz Ардақ Қаңтарбаев. Фото:gov.kz

Екібастұз әкімі Ардақ Қаңтарбаев қажет болған жағдайда отставкаға кетуге дайын екенін айтты. Әкімнің бұрынғы орынбасары пара алды деген күдікке ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Екібастұз әкімі Ардақ Қаңтарбаев қажет болған жағдайда отставкаға кетуге дайын екенін айтты. Әкімнің бұрынғы орынбасары пара алды деген күдікке ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы қала басшысы Екібастұздың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифингте мәлімдеді.

Отставкаға кету туралы мәселе жоқ жерден көтерілмеген. Бір күн бұрын әлеуметтік желіде "бұрынғы қызметкеріне қатысты сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін, әкім қызметінен кетуі керек" екені ескертілген жазба пайда болды.

"Менің қарамағымдағы қызметкерім, тікелей орынбасарыма қатысты сот үкімі заңды күшіне енген жағдайда, әрине, мен отставкаға кетуге міндеттімін. Қызметтен кету не кетпеу менің қолымда емес, шешімді басшылық қабылдайды. Егер басшылық қызметтен босатуға шешім қабылдаса, әрине, мен отставкаға кетемін", - деді Қаңтарбаев.

Брифингте журналистер әкімнің бұрынғы орынбасары қала басшысы қызметіне келгенге дейін жұмыс істеген болса, отставкаға кету қаншалықты дұрыс екенін сұрады.

"Иә, ол маған дейін жұмыс істеді. Бірақ ол менің қоластымда болды және осы уақыт ішінде жұмыс істеді. Үкім заңды күшіне енсе, отставкаға кетемін, бұл - заң", - деді Қаңтарбаев.

Еске салайық, биылғы маусымда Екібастұз қалалық соты Екібастұз әкімінің бұрынғы орынбасары Бауыржан Ахметовты 8 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, ТКШ бөлімі басшысының орынбасары Садықов пен сол бөлімнің бас маманы Түсіпбеков сотталған еді. Олар 7 және 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Үшеуі де мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және көмектескені үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алды деп айыпталған болатын. Ал Екібастұз әкімі Қаңтарбаевқа қатысты мәселе тікелей басшы ретінде "Мемлекеттік қызмет туралы" заңның 60-бабы 2-тармағына сәйкес айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін қаралатыны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети