03 мамыр 2020 18:08

Екібастұзда індет жұқтырған науқаспен байланыста болған зейнеткер көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: newsone.ua Фото: newsone.ua

Павлодар облысында коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған 80 жастағы қария көз жұмды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысында коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған 80 жастағы қария көз жұмды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Екібастұз қаласында тұрған.

"80 жастағы қария коронавирус жұқтырған науқаспен тығыз байланыста болған. Оның созылмалы аурулары: жүрек-қан тамыр, өкпе ауруы, семіздік және иммун жүйесі әлсіз болған. Өкінішке қарай, ер адамның денсаулығы нашарлап кетті. Оған интенсив терапиясы көрсетілді, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды және барлық реанимация шарасы нәтиже берген жоқ", - деді Павлодар облысы бас санитар дәрігері Зәмзәгүл Дощанова.

Оның айтуынша, 22 сәуірде қария карантин госпиталіне жатқызылыпты.

"Ертеңінде тест сынамасы науқастың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті. 28 сәуірде оның денсаулығы нашарлап кетті. 29 сәуірде ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Бірақ 30 сәуір күні сағат таңғы 5-те оның жүрегі мен тыныс алуы тоқтады", - деді ол.

Облыстық денсаулық басқармасына бұл дерек денсаулық сақтау министрлігіне жіберілгенін атап өтті.

Еске салайық, Павлодар облысында індеттен алғашқы өлім дерегі 9 сәуірде тіркелді. 83 жастағы тұрғын СОVID-19 вирусынан көз жұмды. Ол қатерлік ісік (рак) және созылмалы аурулармен ауырған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети