25 тамыз 2020 11:10

ER-BATYR. Асxат Әбжанов көшбасшылық, бала тәрбиесі және дәстүр туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп ер адамдарға арналған ER-BATYR жобасын ұсынады. Жаңа шығарылымның қонағы - "Жаңа Ұрпақ" республикалық көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы Асхат Әбжанов.


Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп ер адамдарға арналған ER-BATYR жобасын ұсынады. Жаңа шығарылымның қонағы - "Жаңа Ұрпақ" республикалық көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы Асхат Әбжанов.

Бүгін сағат 20:00-де Tengrinews.kz-тің "Вконтакте" желісіндегі парақшасында спикер жүргізуші Тимур Балымбетовпен көшбасшылық мектебі, бақытты балаларды тәрбиелеу, махаббат және дәстүрді сақтап қалудың маңызы туралы айтады.

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады. Эфирдің алғашқы қонағы - заңгер, блогер, жүзгіш-марафоншы, Oceanman кітабының авторы Ержан Есімxанов болды. Жобаның алдыңғы қонағы - альпинизм бойынша еңбек сіңірген спорт шебері Мақсұт Жұмаев, Chocofamily Holding компаниясының басшысы Рамиль Мухоряпов. 

Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

Жобаның барлық шығарылымын Tengri TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің Facebook желісіндегі парақшасынан тамашалай аласыздар.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети