22 қыркүйек 2020 12:30

ER-BATYR жобасында Рауан Кенжехан: қашықтан оқыту және азаматтық позиция туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

ER-BATYR жобасының жаңа қонағы - белгілі қоғам қайраткері және әлеуметтік кәсіпкер Рауан Кенжеханұлы. Жүргізуші Тимур Балымбетовке @balukz берген сұхбатында ол қашықтан оқытуға дайындық, ана тілі алдындағы борыш, билікке деген көзқарас туралы, сондай-ақ ата-аналар өз балаларының алдындағы жауапкершілікті сезінудің қаншалықты маңызды екені туралы әңгімелейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ER-BATYR жобасының жаңа қонағы - белгілі қоғам қайраткері және әлеуметтік кәсіпкер Рауан Кенжеханұлы. Жүргізуші Тимур Балымбетовке @balukz берген сұхбатында ол қашықтан оқытуға дайындық, ана тілі алдындағы борыш, билікке деген көзқарас туралы, сондай-ақ ата-аналар өз балаларының алдындағы жауапкершілікті сезінудің қаншалықты маңызды екені туралы әңгімелейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жобаның жаңа шығарылымын бүгін сағат 17: 00-де ER-BATYR YouTube каналынан қараңыздар. Сондай-ақ, оны 16.30-да ВКонтакте желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан да қарай аласыздар. Жобаның ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна" және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі.  Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

Рауан Кенжехан - қоғам қайраткері, әлеуметтік кәсіпкер, Bilim Media Group электрондық білім беру компаниясының негізін қалаушы және жетекшісі. Үздік оқулықтарды қазақ тіліне аударатын "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" ұлттық жобасын жүзеге асыратын "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қорының атқарушы директоры.

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейін жоба қонақтары заңгер, блогер, марафон-жүзуші, Oceanman кітабының авторы Ержан Есімханов, альпинизмнен еңбегі сіңген спорт шебері Мақсұт Жұмаев, Chocofamily Holding-тің негізін қалаушы және СЕО Рамиль Мухоряпов, "Жаңа Ұрпақ" республикалық көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы Асхат Абжанов, танымал футболшы, Қазақстанның үш дүркін чемпионы Давид Лория, сондай-ақ актер Тәуекел Мүсілім болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети