22 мамыр 2022 09:04

"Ешкімді танымайды". Маңғыстау облысында жұмбақ симптомдары бар сарбаз үйіне қайтарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мерзімді қызметке шақырылған Талғат Айтмұханов. © lada.kz Мерзімді қызметке шақырылған Талғат Айтмұханов. © lada.kz

Маңғыстау облысында мерзімді қызметтегі сарбаз Талғат Айтмұханов борышын өтеуге шақырылғаннан кейін бір апта өткенде ауылына, Бейнеу ауылына қайтарылды. Істің мән-жайын әскери полиция тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.


Маңғыстау облысында мерзімді қызметтегі сарбаз Талғат Айтмұханов борышын өтеуге шақырылғаннан кейін бір апта өткенде ауылына, Бейнеу ауылына қайтарылды. Істің мән-жайын әскери полиция тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Жігітке әскерге мамырдың басында шақырту келген. Мерекелерден кейін ол әскери комиссариатқа барып, медициналық бақылаудан өтіп үлгермегендіктен уақытын шегеруді сұраған.

Туыстарының айтуынша, әскерилер оны ауруханаға өздері апарып, тексергеннен кейін бірден сол күні 25744 әскери бөлімшесіне қызметке жіберген. Ал бір аптадан кейін Талғатты үйіне қайтарған.

"Ол ешкімді танымай қалған. Қайда, не істеп жүргенін білмейді. Әкесін көргенде ешқандай реакциясы болмады. Сарбазды көре ме, әкесін көре ме, бәрібір. Бірақ фамилиясы мен жасын біледі, үйі мен отбасын білмейді", - дейді сарбаздың туысы Қайрат Нәсібаев.

Магниттік-резонанстық томография зерттеуі оның бойында ешқандай ауытқуы жоқ екенін анықтаған. Жауынгердің денесінде ұрып-соғу белгілері де табылмапты.

25744 әскери бөлімі командирінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ренат Шәріпов 11 мамырда Айтмұханов шақыру пунктіне келгенін, онда туыстарына оның қызмет орны туралы хабарлағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, сарбаз медициналық тексеруден сәтті өтіп, денсаулық жағдайына шағым білдірмеген.

Шәріповтің айтуынша, медициналық комиссиядан өту және одан әрі мерзімді әскери қызметке шақыру үшін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге мәжбүрлеп жеткізілгені туралы ақпарат жалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети