21 ақпан 2022 17:29

Газ қымбаттауы: 44 газ құю станциясында келісілген әрекет анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысының 5 қаңтардағы тапсырмасы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 193 бөлшек автомобильге газ құю станциясына қатысты тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, оның 89-ы Бас прокуратурамен бірлесіп жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекет басшысының 5 қаңтардағы тапсырмасы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 193 бөлшек автомобильге газ құю станциясына қатысты тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, оның 89-ы Бас прокуратурамен бірлесіп жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас прокуратураның тексеруі шеңберінде агенттік 44 нарық субъектісінің әрекеттерінде келісілген әрекет пен картельдік сөз байласуды ұйымдастыру деректерін анықтаған.

Сондай-ақ қазіргі кезде прокуратура органдарының ұсыныстары негізінде Ақмола, Қызылорда және Қостанай облыстары мен Шымкент қаласы бойынша аумақтық монополияға қарсы департаменттер 32 нарық субъектісіне қатысты әкімшілік істер қозғап, материалдар сотқа жіберілгені хабарланды. 

"Солтүстік Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтан бойынша аумақтық монополияға қарсы департаменттер 7 нарық субъектісі бойынша материалдарды қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін қарау үшін Экономикалық тергеу департаментіне жіберді.

Атырау облысында 2 нарық субъектісі бойынша таяу арада әкімшілік істер қозғалады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, прокуратура органдарынан қадағалау актілері келіп түскен жағдайда, басқа тергеп-тексерулер бойынша әкімшілік істер қозғалатыны айтылды.

Қалған нарық субъектілері бойынша бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылық белгілерін анықтау бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Тұрғымбаев Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалар хронологиясын баяндады

5 қаңтарда үкімет отставкаға кетті, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, сұйытылған газ, бензин және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу енгізілді. Алайда толқу күшейе түсті. Алматы қаласы қатты зардап шекті. Бүлікшілер әкімдік ғимаратын өртеп жіберді, Президент резиденциясын басып алды, дүкендерді, сауда орталықтарын, банк кеңселері мен банкоматтарды қиратып, тонады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін Үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, "ҚазМұнайГаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген шығын 12 қаңтарда 100 миллиард теңгеден асты. 

11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети