10 тамыз 2020 | 11:00

i-balaqai: Қазақстандағы балалардың қауіпсіздігі туралы

i-balaqai talks жобасының арнайы шығарылымында спикерлер балалардың қауіпсіздігі, педофилия мен киднеппингтен зәбір көргендерге психологиялық көмек туралы, сондай-ақ ата-аналарға балаларды зорлықтан қорғау бойынша бірнеше кеңес береді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

i-balaqai talks жобасының арнайы шығарылымында спикерлер балалардың қауіпсіздігі, педофилия мен киднеппингтен зәбір көргендерге психологиялық көмек туралы, сондай-ақ ата-аналарға балаларды зорлықтан қорғау бойынша бірнеше кеңес береді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Спикерлер:

Реклама
Реклама
"Қазақстанның дағдарыс орталықтарының одағы" заңды тұлғалардың бірлестігінің төрайымы Зүлфия Байсақова; Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Николай Негай; Montessori Qazaqstan қоғамдық қорының құрылтайшысы Ерұлан Құсайынов; "Ангел" балалар қауіпсіздігі орталығының басшысы Зарина Жұмағұлова; Инновациялар жөніндегі бас директор, "Қазақтелеком" АҚ басқарма мүшесі Нұрлан Мейірманов; "Қазақтелеком" АҚ бөлшек бизнес дивизионының сату жөніндегі басқарушы директоры Ринат Жексенов. 

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - "Қазақтелеком" АҚ. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. i-balaqai talks - байланыс орнатудың жаңа форматы, сарапшылар кеңестерін бөлісіп, арнайы мәселелер бойынша ұсыныстарын айтады. 

Бүгін, 10 тамыз сағат 20:00-де Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында спикерлер "Балалар қауыпсіздігі" атты тақырыпта әңгіме өрбітеді.

Жүргізуші - журналист, телерадио жүргізушісі Махаббат Есен. 

Сұхбат үзіндісін Tengrinews.kz сайтынан оқып, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай аласыз. i-balaqai жобасы аясында подкаст, пайдалы мақалалар мен видеолар шығады. 

Сондай-ақ видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасыннан және Tengrinews.kz-тің Facebook желісіндегі парақшасынан көруге болады. 

i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.

i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова, педагог, психолог Алексей Бабаянц, тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова, психолог, физиолог, биология ғылымдарының кандидаты Марьяна Безруких, психотерапевт, қоғам қайраткері Марина Таргакова, псиxолог, нейропсиxолог Мирза Назгина, педагог, психолог Анна Быкова, халықаралық білім беру бойынша сарапшы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Марина Хан, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Негай, балалар психологы, ойын терапевті Виктория Гончарова, педагог Елена Венгерская, балалар психологы, арт-терапевт Елена Бурьевая, кәсіби коуч, ментор Мадина Билялова, журналист, жазушы Александр Мурашев, психотерапевт Рашид Азизов, психиатр, психотерапевт Евгений Фомин, Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының төрайымы Лейла Күленова

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная