27 шілде 2020 21:37

"Ене-ұл-келін" үштігі. i-balaqai жобасында Евгений Фомин

ПОДЕЛИТЬСЯ

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында психиатр, психотерапевт Евгений Фомин ата-ана мен ересектердің арасындағы жанжалдың туу себептері мен ене мен келіннің қарым-қатынасы туралы айтты. Ол екі тарапқа да бірнеше кеңес берді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.


i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында психиатр, психотерапевт Евгений Фомин ата-ана мен ересектердің арасындағы жанжалдың туу себептері мен ене мен келіннің қарым-қатынасы туралы айтты. Ол екі тарапқа да бірнеше кеңес берді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - KCELL компаниясы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Тікелей эфирлер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі өтеді.

Евгений Фомин ата-ана мен ересек адамның бірге тұруы жанжал тудырады. Бала өседі, жасөспірім болады, тұлға болғанымен, ата-анасының баласына деген махаббаты сол қалпы қалады. 

"Ата-ана алыс болған сайын біз оларды жақсы көреміз", - дейді маман. 

Адам ата-анасынан бөлек тұрған кезде бала жеке құндылығын, өзін түсініп, жетілу мүмкіндігі жоғары болады. Психологтың қабылдауына 30 жастағы "қыздар" мен "ұлдар" келеді, себебі бала ата-анасының үйінде психологиялық тұрғыда босаңсып кетеді. Яғни, адам дамымайды. Бұл жағдайда екі тараптың қарым-қатынасыжақсы болуы мүмкін - баланың да, ата-анасының да жаны тыныш болады. 

"Бірақ мұндай жағдайда өскен бала уақытылы отбасын құрмай не мүлде отбасын құрмауы мүмкін. Яғни, ол өзінің алдына нақты мақсат қоймайды. Егер бәрі жақсы болса, үлкен мақсат қоюдың не қажеті бар?", - дейді спикер. 

Оның айтуынша, адам психикасы 25 жасына қарай жетіле бастайды. 

Ұл бала - ер адам

Психотерапевттің пікірінше, ұл балалар 18 жасынан бастап бөлек тұруы керек. Себебі одан кейін ата-анасымен басқаша қарым-қатынас бола боастауы мүмкін. 

"Ол тым еркінсіп кетеді, мақсаты жоқ, бейқам болып кетеді. Көптеген ересек адам маған уақытында бөлініп шықпағанын айтады", - дейді маман. 

Бұл жағдайда ата-ана баласына басқаша қарап, оғай сай емес талаптар қоя бастайды. 

"Бала институтке түсіп, пәтер жалдап, жатақханада тұрғаны сөзсіз жақсы болар еді. Немесе өзі де қосымша жұмыс істеп, өзі пәтер жалдап тұрса, балада жеке қалыптасу мен дербестік пайда болар еді. Ата-анасына "Менің уақытында бөлініп кетпегеніме сен кінәлісің, сондықтан қазір жасым 40-та, не әйелім жоқ, не балам жоқ" деп кінә тақпайды", - дейді спикер. 

Қыз бала - әйел

Евгений Фомин қыздармен бұл жағдайда жеңілірек екенін айтады, себебі қыздардың, әйел адамның психикасы бірқалыпты. Ол өзі тап болған жағдайға икемделіп, соған сай бола алады. 

Ол қарым-қатынас форматын тез ауыстыра алады. Яғни, қазір ол анасымен тұрса, сосын тұрмысқа шығады. 

"Қыз бала мен әке тығыз байланыста, үнемі ер адаммен мәселе туатын әйелдер менің қабылдауыма келгенде бірінші қоятын сұрағым: Әкеңіз қандай?", - дейді психотерапевт.

Әйел адам бала, жасөспірім форматында қала алады. 

"Себебі менің қабылдауыма 35 жастағы әйел келді ол 35-те екенін көріп тұрмын, ол өзін тамаша сезінеді. Себебі ол жас дағдарысына жеткен. Ал 40 жастағылар келгенде олар психикалық, депрессив, қорқыныш, паникалық шабуыл әсерімен келеді", - деп түсіндірді маман. 

Ене мен келіннің қарым-қатынасы

"Аналық эгоизм шамадан тыс қамқорлық көрсеткенде пайда болады. Содан жанжал туады. Жағдайға үйрену керек. Ұлының үйленіп, шаңырақ құрғанына үйренісу керек. Оның отбасы бар. Ол жақсы, сүйікті, тәртіпті ұл болып қалады, бірақ оған бөлек шығуға, бақылауда ұстамай, оның шаңырағында өз тәртібіңізді орнатуды тоқтатыңыз", - дейді психолог. 

Ұлын басқа әйелге бірнеше жыл бойы жібергісі келмейді. Кейде ондай жағдайлар ажырасумен аяқталады.  

"Ол маньяктың жоспары секілді. Мысалы анасы сол әйелмен ажырастырудың жоспарын, оны ұнатпайтындықтан құруы мүмкін. Мен оны ұнатпаймын, ол менің ұлыма сай емес, отбасы, білімі дұрыс емес. Яғни, тиісіп қалатын нәрселер болады", - дейді спикер. 

Әйел адам қызғана беретіндіктен "ана-ұл-келін" деген үштік құрылады. Маманның айтуынша, үштіктің орнында квадрат болуы керек. 

"Бұл үштікте әкесі екінші жоспарға кетіп қалады не ол мүлде жоқ, сондықтан "ене мен келін" қарым-қатынасының орнына "әйел-әйел" деген бәсекелестік пайда болады. Олар бір адамға таласады. Анасы олардың қанша жыл бірге тұрғандарына қарамастан оны ысырып тастауға тырысады. Үш бала болса да ол соңына дейін "Жоқ, ол бізге сай емес, болды, сау бол" дейді", - деп түсіндірді маман.  

Евгений Фомин мұндай жағдайға тап болған келіндерге күйеуін психотерапевтке жіберуге кеңес берді. 

"Ол анасы туралы, оған не ұнамайтынын айтып бере алады. Бірақ ер адам оны анасымен бәсекелесіп жүр деп ойлап қалуы мүмкін. Соған байланысты кез келген ақпаратты агрессиямен байланыстырады..  

Еркін диалог орнатып, болашағына көз салып, қарым-қатынастан алатын әсерін талқылай алады. Егер ер адам сол қатынасты бағаласа, ол әйелі жақсы адам екенін, жақсы ана болатынын байқаса, нормалау кезінде ол жақсы келін де болады. Осыны қабылдаған ер адам оған барады. Мәселе ол жерде ешқандай мәселе жоғында. Бәрі оны жақсы көреді, бәрі жақсы", - дейді ол 

Сонда әйел адамдар неліктен ересек балаларына көп уақыт бөледі? Евгений Фомин адамдар өз өміріне мән бергені дұрыс екенін айтады: Ол ана, ал одан бөлек кім? Оның рольдік моделі қандай? 

"Баланс дөңгелегі" деген тәжірибе бар. Ол 10 тармақтан тұратын дөңгелек, әр тармаққа баға беріледі. Отбасы, денсаулық, ақша, уақыт, саяхат. Әр тармаққа 10-ға дейін баға бересіз, 1 - минимал, 10 - максимал. Әр тармақты оның орындалуына қарай бағалайсыз. Нәтижесінде не жетпейтінін аңғаруға болады: хобби, ер адам, даму, мамандық. 

"Сосын оларды біріктірген кезде сенің дөңгелегің тек жартылай толғанын аңғарасың, онымен ұзаққа бара алмайсың", - дейді маман.

Видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің Facebook және "ВКонтакте" парақшасынан көруге болады.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады. 

Сондай-ақ подкастты Anchor.FM, SpotifyЯндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.

i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.

i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова, педагог, психолог Алексей Бабаянц, тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова, психолог, физиолог, биология ғылымдарының кандидаты Марьяна Безруких, психотерапевт, қоғам қайраткері Марина Таргакова, клиникалық псиxолог, нейропсиxолог Мирза Назгина, педагог, психолог Анна Быкова, халықаралық білім беру бойынша сарапшы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Марина Хан, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Негай, балалар психологы, ойын терапевті Виктория Гончарова, балалар психологы, арт-терапевт Елена Бурьевая, кәсіби коуч, ментор Мадина Билялова, журналист, жазушы Александр Мурашев, психотерапевт Рашид Азизов

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети