31 шілде 2020 19:37

"Адамдар не дейді?" - i-balaqai жобасында Гаухар Киикова өзгелердің ойы туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында бала дамуы бойынша маман және бала бақшаларын ұйымдастырушы Гаухар Киикова баланы "Жоқ" деп айтуға, өзінің неге қызығатынын айта білуді үйретуге қатысты бірнеше кеңес берді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.


i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында бала дамуы бойынша маман және бала бақшаларын ұйымдастырушы Гаухар Киикова баланы "Жоқ" деп айтуға, өзінің неге қызығатынын айта білуді үйретуге қатысты бірнеше кеңес берді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - KCELL компаниясы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Тікелей эфирлер аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі өтеді.

Әлеуметтік-эмоционалдық қатынас

Гаухар Киикова әлеуметтік-эмоционалдық үйрету тек жеке сабақ ретінде емес, бала бақша мен мектепте қалыптасатын негіз ретінде маңызды. Маман бұл қазақстандық мектептердің стандартына кірмегенін, ал шетелде бұл негізгі бағыттардың бірі екенін айтады. 

"Иә, бір ел жақсы дамып кетсе, енді бірі әлі артта болар. Коммуникация орната білу қасиеті, эмоциямен жұмыс істеу өз-өзінен пайда болмайды. Басқа да қасиет секілді онымен үнемі жұмыс жасауды үйреніп отыру керек. Балалар ол эмоцияны түсінеді, бірақ ол не екенін түсінбейді", - дейді маман. 

Оның айтуынша, әлеуметтік-эмоционалдық үйрету үйреншікті нәрсеге айналуы керек. Ол жанжалға қатысты мәселелерді шешуге ықпал етеді. 

"Педагог жазалайтын адам болмауы керек. Балаға көмектесу керек, әрқайсын тыңдап, ол неден туғанын, қандай әсер алғанын, не істеуге болатынын қарастыру керек. Баланың сабырға келгенін, мидың эмоциялық бөлігін өшіріп, логиканы қосқанын күту керек. Бұл педагог дағдылануы қажет қасиеттің бірі", - дейді маман. 

Өзінде қандай сезім болып жатқанын айта алмайтын балалар қоршаған ортасы туралы да ойламайды. 

"Басқа адам мен жайлы не ойлайды деп емес, мен осылай істеген кезде басқа адам не ойлайды" деген ой болады. Басқаның көңілі туралы ойлау бізге жат нәрсе. Біз көбіне басқалар не дейді деп ойлаймыз: "Сен қызсың ғой. Тыныш тұр. Басқалар не дейді?" немесе "Сен жігітсің ғой. Жылама. Басқа адамдар не ойлайды?" деген секілді", - дейді маман. 

Сондықтан сарапшы жағдайды сараптап, баланың дамуына әрекет етіп, әлеуметтік-эмоционалдық үйретуді педагог жұмыс ұстанымына қосу керек екенін айтады. Маманның айтуынша, бұл негативтің алдын алуға ықпал етеді.     

Сенім мен қауіпсіздік

Ата-ананың алдында мынадай сұрақ тұрады: "Балада қоршаған ортаға деген сенімін біз қорқатын жайтқа тап болмауы үшін қалай оятуға болады?".  

"Жан-жақтан, мемлекет тарапынан да, адамдар да бала үшін қауіпсіз орта қалыптастыруы керек. Себебі бала көшеге шыққан кезде біз қорықпайтындай жағдай болуы керек. Мен қазір баламды сыртқа қыдыруға жібергім келмейді. Мен баламмен шығамын, бірге жүремін. Бір шетінен мен ол жайлы алаңдағым келмейді. Себебі мен бала күнімде анам "үйге кір" деп айтпайынша сыртта ойнап жүре беретінімді білемін ғой", - дейді сарапшы. 

Маман ата-аналар балаға сенім ортасын құруға дағдылау керегін, сыртта сөйлесуге болатын адамдар барын түсіндіру керегін айтады.  

"Егер балаға оны біреудің, тіпті туысының сүйіп жатқаны ұнамаса, оны "жоқ" деп айтуға үйретуіміз керек. Біз балаға ұнамайтын нәрсеге шыдап отыруына күштей алмаймыз", - дейді спикер. 

Бұл қалыптасқан модель секілді: үлкендер дұрыс айтады - ал сен шыда. Сосын бала ешқашан "жоқ" деп айта алмайды, жан айқайын жеткізе алмайтын болады. 

"Балалар физикалық тұрғыда көмек сұрап, айқайлай алмайды екен, олар жан-жақтан "үндеме, шыда, айтпа, ол үлкен, болмайды" деген сөздерді көп естігендіктен жабылып қалады. Біз үлкендерді сыйлауды құндылық етіп жібергеніміз соншалық, ол баланың құқығына, қалауына қарсы келеді", - дейді Гаухар Киикова. 

Қазақстандық отбасыларда бала өз ойын ашық жеткізіп үйренбеген. Көбіне ата-аналар бала үшін ойлайтындарын, одан ешнәрсе, оның ойын сұрамайтынын алға тартады. 

"Бала өз өміріне өзі қатысуы керек, оның дауыс беру құқығы болу керек. Біз оны болашақ өмірге дайындап жатырмыз ба? Біз ол болашақта өз ойын айта алмайтын, аузынан бір де бір сөз шықпайтын, жалпы үндемей отыратын бала болғанын қаламаймыз ғой. Ол не істесе де үндемейтін болады, осы жайлы ойлану керек. "Мен мұндай әрекеттер арқылы баланы неге дайындап жатырмын? Оған не үйретіп жүрмін? Біреу менің балама ойын алаңында ұрсып не ескерту жасаса, сол кезде мен үндемей қалсам, баламды қорғамасам, мен оған қандай үлгі көрсеткенім? Ересек, өзге адам дұрыс айтқаны ма? Немесе мен баламның айтқаны дұрыс болмаса да оны қорғаймын", - дейді сарапшы.  

Маман баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, сосын үйде жағдайды сараптап, ненің бұрыс екенін, келесі жолы қалай әрекет ету керегін түсіндіру қажет екенін айтады. 

"Баламен сөйлесіп, бұл жайлы не ойлайтынын сұрап, бала өзі ойланып, шешім қабылдай алатындай нақты сұрақ қою керек. Біз дұрыс деп есептейтін қандай да бір талап қоймау керек. Бәлкім біздің ойымызша ол дұрыс шығар, бірақ бала тап болған жағдайда ол қате болуы мүмкін. Соны үйретуіміз керек", - дейді Гаухар Киикова.  

Сыйластық пен сыпайылық

"Сыйластық - екі жақты сезім, қарым-қатынас, яғни, егер ересек адам балаға құрмет көрсетпесе, онда баладан сыйластық қарым-қатынас күту біртүрлі. Бәлкім бала қорыққаннан, салдарын ойлағандықтан, айқайлап кетпесін деген оймен істеуі мүмкін. Бірақ іштей сыйластық сезімі болмайды", - дейді сарапшы. 

Сыйластық - басқа адаммен сөйлесу, қарым-қатынас орнату процесі кезінде туатын сезім болуы керек.

"Мен ол адамды білемін, ол осындай кісі, сондықтан мен оны сыйлаймын. Жай ғана көшеде кетіп бара жатқанда, ол тіпті егде жастағы әжей болса да, мен жылы шыраймен қарап сөйлеуім мүмкін", - дейді спикер. 

Адам сыпайылық таныта отырып нақты талап қоя алады:

"Оны сыпайы, бірақ нақты талап қою арқылы жеткізуге болады, мысалы, "жоқ, кешіріңіз, бұл маған ұнамайды. Жоқ, кешіріңіз, мен оны қаламаймын" дегендей. Ол дөрекілік емес, ол сыпайылық танытпауға жатпайды. Бұл "менің лимитім, менің шекарам, өтініш одан өтпеңіз" деген сөз. Ол - ең алдымен өзіңді сыйлау. Егер ол маған ұнамаса, мен оны не үшін іістеуім керек?", - дейді Гаухар Киикова. 

Видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің Facebook және "ВКонтакте" парақшасынан көруге болады.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады. 

Сондай-ақ подкастты Anchor.FM, SpotifyЯндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.

i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.

i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова, педагог, психолог Алексей Бабаянц, тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова, психолог, физиолог, биология ғылымдарының кандидаты Марьяна Безруких, психотерапевт, қоғам қайраткері Марина Таргакова, клиникалық псиxолог, нейропсиxолог Мирза Назгина, педагог, психолог Анна Быкова, халықаралық білім беру бойынша сарапшы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Марина Хан, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Негай, балалар психологы, ойын терапевті Виктория Гончарова, балалар психологы, арт-терапевт Елена Бурьевая, кәсіби коуч, ментор Мадина Билялова, журналист, жазушы Александр Мурашев, психотерапевт Рашид Азизов, психиатр, психотерапевт Евгений Фомин.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети