Интернет-алаяқтарды ұстау бойынша арнайы операцияның видеосы пайда болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр

Жетісу облысында қазақстандықтарды 100 миллион теңгеге алдаған қылмыстық топтың қатысушылары ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жетісу облысында қазақстандықтарды 100 миллион теңгеге алдаған қылмыстық топтың қатысушылары ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аймақ полиция департаментінің мәліметінше, құқық қорғау органдары интернет-алаяқтық жасап, жәбірленушілердің ақшасын ұрлап отырған қылмыстық топтарды анықтады.

"Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту барысында 35 ұялы телефон, 135 sim-карта, 2 пневматикалық тапанша және 3 қымбат көлік тәркіленді", - деді ПД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі іс бойынша 80 жәбірленуші анықталғанын, олардың шығыны 100 миллион теңгеден асатынын хабарлады. Құрықталған мобильді құрылғыларды талдау жалғасып жатыр және көрсетілген көрсеткіш түпкілікті емес, яғни жәбірленушілер саны мен келтірілген залал сомасы айтарлықтай артуы мүмкін.

Арнайы операцияны Жетісу облысы ПД Киберпол қызметкерлері Қарағанды және Солтүстік Қазақстан әріптестерімен бірлесіп ІІМ киберқылмысқа қарсы күрес орталығы мен облыс прокуратурасын үйлестіру кезінде жүргізді.

Бүгінде қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тәркіленген мобильді құрылғыларда банктік қосымшалар бар, олардың көмегімен зиянкестер интернет-алаяқтықтың құрбаны болған азаматтардың ақшалай қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.

Полицейлер қазақстандықтарды қырағы болуға және өздерінің дербес деректерін үшінші тұлғаларға бермеуге, басқа адамдардың телефондарына қосымшалар орнатпауға шақырды. Интернеттегі қаржылық операцияларды жасау кезінде де сақ болу керек. Сайттар мен компаниялардың түпнұсқалығын тексеру ұсынылады. Егер сіз алаяқтық құрбаны болғаныңызға күдіктенсеңіз, дереу полицияға хабарлаңыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.37  course up  610.36  course up  6.7  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer