05 мамыр 2020 14:36

Жағдай тұрақтанды - Түркістан облысының әкімдігі су тасқыны туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысы Мақтарал ауданында су деңгейі төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді.


Түркістан облысы Мақтарал ауданында су деңгейі төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді.

Оның айтуынша, осы аудандағы тағы жеті елді мекеннің тұрғындары үйлеріне оралды.

"Жалпы, ТЖ болған елді мекендердегі су екі-төрт сантиметрге азайды. Бұл Өзбекстаннан енді судың келмейтінін көрсетеді. Бүгінгі таңда жағдай тұрақтанды десе болады", - деді Қалқаманов.

Оның айтуынша, су тасқыны салдарын жою үшін өңір билігі су деңгейінің төмендеуін күтіп отыр. 

"Бұл үшін Тараз, Қызылорда және Шымкенттен секундына 100 текше метрге дейін су тарта алатын қосымша ірі сорғыштар тартылды. Олар белгілі бір жерлерде орнатылады және су коллекторларға, содан кейін каналдарға ағызылады", - деді облыс әкімінің орынбасары.

Қазақстан Мақтааралдағы жағдайға байланысты Өзбекстанға наразылық нотасын жолдады

Еске салайық, Өзбекстанда 1 мамырда болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылған еді. Кейін Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басқанын мәлімдеген.

Ал бүгін Үкіметтің кезекті отырысы Түркістан облысындағы су тасқынының салдарымен күрес шараларын талқылаудан басталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети