Жамбыл облысы ТЖД басшысы қаза тапты деген қауесет жоққа шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысы ТЖД басшысы қаза тапты деген қауесет жоққа шығарылды Ермек Момбаев. Фото:gov.kz

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі басшысының өлімі туралы қауесетке жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі басшысының өлімі туралы қауесетке жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақпарат жалған. Ермек Жамбылұлы Момбаев аман-сау", - деді ТЖД өкілдері.  

Еске салайық, Жамбыл облысындағы жарылыстардан қаза тапқандар саны 5-ке жетті

Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің маңында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны хабарланды.

Бұған дейін Жамбыл облысында әскери қойма жарылысынан зардап шеккендер саны 60-қа жеткені хабарланған болатын.

Тараз тұрғындарының айтуынша, қалада жарылыстар әлі де жалғасып жатыр. Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жамбыл облысында жарылған әскери қоймаларға қатысты пікір білдірді. Ол жарылыс кезінде кімдер жарақат алғанын, сондай-ақ қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Ол Тараз тұрғындарын сабырға шақырды.

Жарылыстардан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қауіпсіздік үшін жолдарға шектеу қойылғанын хабарлаған болатын. 

Жамбыл облысындағы жарылыстар: жедел желі нөмірлері жарияланды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети