Жамбыл облысында жаңа прокурор тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында жаңа прокурор тағайындалды Жандос Әбдібаев. Фото: t.me/GenPr

Жамбыл облысына жаңа прокурор келді. Мемлекет басшысының келісімімен, Бас прокурордың бұйрығымен бұл лауазымға аға әділет кеңесшісі Жандос Әбдібаев тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жамбыл облысына жаңа прокурор келді. Мемлекет басшысының келісімімен, Бас прокурордың бұйрығымен бұл лауазымға аға әділет кеңесшісі Жандос Әбдібаев тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жандос Әбдібаев еңбек жолын Алматы қаласы Түрксіб ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.

Әр жылдары Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының орынбасары, Алматы қаласы прокуратурасының жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы, сондай-ақ Алматы қаласы прокуратурасы аппаратының басшысы қызметтерін атқарды.

2022 жылдың тамыз айынан бастап Алматы қаласы прокурорының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында да прокурор ауысты. Бұл қызметке бұған дейін Павлодар облысында жұмыс істеген Ержан Дүйсекенов тағайындалды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда Бас прокурор мен облыс прокурорларына жаңа өкілеттіктер берілмек

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 485.18   563.78   6.54 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +21
Астана +27
Ақтау +23
Ақтөбе +18
Атырау +27
Б
Балқаш +26
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +26
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +27
Қызылорда +32
П
Павлодар +25
Петропавл +32
С
Семей +30
Т
Талдықорған +26
Тараз +30
Түркістан +24
О
Орал +28
Ө
Өскемен +28
Ш
Шымкент +32

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер