18 қыркүйек 2023 | 12:31

Жаңаөзенде берешегі бар жүргізушілерден көліктері алына бастады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Маңғыстау облысы МКД Фото: Маңғыстау облысы МКД

Жаңаөзенде жеке тұлғалардың көлік салығы бойынша берешегі 151 миллион теңгеден асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жаңаөзенде жеке тұлғалардың көлік салығы бойынша берешегі 151 миллион теңгеден асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.

Ресми деректерге сүйенсек, қазір Жаңаөзендегі жеке тұлғалардың көлік салығы бойынша қарызының жалпы сомасы 151 миллион теңгеден асты. Рейд барысында төлемақы төлемегендерден 342 мың теңге өндіріп алынған.

"Салықтарды төлемеудің келеңсіз салдарын болдырмау үшін салық төлеушілерге салықтық міндеттемелерін тексеріп, берешегі бар болса, оны мүмкіндігінше тезірек төлеу ұсынылады (айыппұлдар әрбір кешіктірілген күн бойынша есептеледі). Тексерушілер: дереу төлеген дұрыс екенін, әйтпесе қарыз сот арқылы өндірілетінін еске салды. Бұл жағдайда сома өсуі мүмкін", - деп ескертті Маңғыстау облысындағы МКД көлік иелеріне.

Жергілікті борышкерлерге әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы ресми ескертулер берілгені айтылды.

"Жұмыс барысында тағы бір тиімді шаралардың бірі қолданылған – борышкердің берешегі толық өтелгенге дейін көлік құралын пайдалануға шектеу (тұраққа орналастыру). 969 мың теңгеден аса салықты төлемегені үшін екі Lexus 470 және Lexus 350 жол талғамайтын көліктері тұраққа қойылған. Алдағы уақытта бұл шара жыл аяғына дейін тұрақты түрде жалғасады", - деп хабарлады Маңғыстау облысы бойынша МКД.

Айта кетейік, қарызды kgd.gov.kz сайты мен e-Salyq Azamat мобильді қосымшалары және екінші деңгейлі банктер арқылы тексеруге болады.

Жаңаөзен қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы салық берешегі 1 АЕК-тен (3 450 теңге) асатын көлік иелерін мәжбүрлі өндіріп алу шараларын күтпей-ақ, қарызын толық өтеуге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 530.22  course up  545.66  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer