07 маусым 2024 | 14:54

1,2 миллиард теңге: Жетісу облысында үй шатырынан ақбөкен мүйіздері табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Жетісу облысында ақбөкен мүйізін заңсыз сақтап, мемлекетке 1 миллиард 284 816 000 теңге шығын келтірген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Жетісу облысында ақбөкен мүйізін заңсыз сақтап, мемлекетке 1 миллиард 284 816 000 теңге шығын келтірген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл 6 маусымда Жетісу облысы бойынша ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, Шекара қызметі мен ҰҚК департаменті қызметкерлерімен бірлесе отырып, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ олардың бөліктері мен дериваттарымен заңсыз айналысқан күдіктіні ұстады.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Панфилов ауданының аумағында 39 жастағы ер адам ұсталды. Тінту кезінде үйдің шатырынан скочтпен оралған 7 картон қорап табылды. Бұл қораптардың ішінде 464 дана ақбөкен мүйізі болған", – деді ПД бастығының орынбасары Елдар Абдикенов.

Табылған мүйіздерге олардың шығу тегі мен түпнұсқалығын анықтауға мүмкіндік беретін сот-биологиялық сараптама тағайындалды. Келтірілген зиянның шығыны 1 миллиард 284 816 000 теңге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Доллар бағамы өсті

Валюта бағамы

 491.74   538.64   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети