24 мамыр 2016 15:22

Журналиске кедергі келтіруге ешкімнің құқығы жоқ - Мұхтар Құл-Мұхаммед

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

"Нұр Отан" партиясының төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед 21 мамырда митинг ұйымдастыру әрекеттері болған кезде журналистердің ұсталуына қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Нұр Отан" партиясының төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед 21 мамырда митинг ұйымдастыру әрекеттері болған кезде журналистердің ұсталуына қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мәселе журналистер жайлы болса, бұрынғы ақпарат министрі ретінде журналиске кәсіби қызметін атқаруға кедергі болуға ешкімнің де құқығы жоқ. Нақты жағдайлар жайлы білмеймін, құқықбұзушылықтың қандай болғанын білмеймін және пікір айтуға моральдық тұрғыда қақым жоқ", - деді Құл-Мұхаммед "Қазақстан-2050" жалпыұлттық демократиялық күштердің коалициясының отырысынан кейін. Бұл отырыста жер реформасы талқыланды. Журналистер оған 21 мамырда құқық қорғау органдарының әрекетіне қандай баға беретіні жайлы сұрақ қойды.

"Ал журналистерге келсек, бұл түсінбестік болды. Меніңше кішігірім түсінбестік болды, сосын оларды босатты", - деді ол.

Құл-Мұхаммед 21 мамырдағы заңсыз жиындар мәселесі жайлы айта келіп, Болатхан Тайжан қорының президенті Мұхтар Тайжанның сөзін келтірді. 

"Мұхтар Тайжан керемет сөйледі, ол былай дейді: Біз не қалаймыз? Біз биліктің есігін қағамыз. Бүгінде бұл есік ашық. Осындай диалогқа, бейбіт талқылауға есік ашылғанда ашық есікті қағудың не қажеті бар? Сондықтан жер тағдыры митингтерде емес, осындай таразыланған, ашық талқылауларда шешілуі тиіс", - деп мәлімдеді ол.

Айта кетейік, 21 мамырда ел өңірлерінде журналистер ұсталған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети