12 желтоқсан 2019 14:13

"Жусан" операциясы жалғасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сирияда жүрген Қазақстан азаматтарын елге жеткізу жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сирияда жүрген Қазақстан азаматтарын елге жеткізу жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласында брифинг барысында ҰҚК антитеррорлық орталығы ұлттық штабының бірінші орынбасары Сергей Швейкин Сирияда ұрыс алаңы болып жатқан аумақта жүрген еліміздің азаматтарын елге жеткізу жоспары туралы айтты. 

"Гуманитарлық "Жусан" операциясы аясында, өздеріңіз білесіздер, Сириядан 595 азаматымыз жеткізілді, оның ішінде 406 бала бар. Репатриация процесі әлі аяқталған жоқ, сол себепті мәліметтер әлі нақты емес. Халықаралық құқық пен мемлекет кепілдік берген террористік әрекет үшін жазалаудың бұлтартпау қағидатын негізге ала отырып, қылмыстық жауапкершілікке 57 адам тартылды не тартылып жатыр", - деді Сергей Швейкин Нұр-Сұлтандағы брифингте. 

Қазақстанның 40 азаматы террорлық ұйымдарға мүше

Осыған дейін, Қазақстанда үш терактінің жолы кесілгені туралы айтылды. Ресми деректер бойынша, терроризм мен діни экстремизмге байланысты қылмыстар үшін 140 адам сотталған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети