20 сәуір 2021 09:07

"Жылғадан қызыл су ақты": Семей Ауыл шаруашылығы бөлімі пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Семей қаласының Ауыл шаруашылығы бөлімі өкілдері Березовский кентіндегі "бұлақтан аққан қанға" қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Arnapress.kz.


Семей қаласының Ауыл шаруашылығы бөлімі өкілдері Березовский кентіндегі "бұлақтан аққан қанға" қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Arnapress.kz.

"13 сәуірде сағат 15:10-да "Восток Бройлер" ЖШС-нің мал сою алаңында жабдықтар тозуына байланысты, қасапхана қалдықтарын тасымалдау жүйесі істен шыққан, бұл олардың кәсіпорынның қалдықтарды тазарту қондырғыларына жіберілуіне әсер етті. Салдарынан технологиялық ластанған су мұржадан қызыл түс түрінде ақты.

Бұл жайтты қала тұрғындарының бірі видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратып жіберген. Мекеме мамандары жедел әрекет етіп, жағдайды реттеуге кірісті. Жағдай екі сағаттың ішінде реттелді. Келесі күні ауылшаруашылығы бөлімі кәсіпорнының жетекшісі, "Восток Бройлер" ЖШС бас инженері, экологымен бірге сүзгілеу аймағын зерттеді, онда тексеру кезінде ағынды су құбырынан аққан суда қызыл қоспалар табылған жоқ", -деді ведомствоның баспасөз қызметінің өкілдері. 

Бұған дейін әлеуметтік желіде Березовский ауылының тұрғыны "бұлақтан қызыл су ағып жатқанын" видеоға түсіріп алған болатын. Желі қолданушылары ол жергілікті құс фабрикасынан шыққан болуы мүмкін екенін және одан жағымсыз иіс шығатынын жазған еді.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети