Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Капиталды заңдастыру науқаны биыл басталады

14 Сәуір 2014, 15:49
0
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Капиталға рақымшылық жасау науқаны 2014-2015 жылдары өткізіледі. Оның нақты мерзімі алдағы уақытта жарияланады. Бұл туралы бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Бақыт Сұлтанов айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

"Біріншіден, бұл науқан 2006-2007 жылдары болған мүлікті заңдастыру сияқты өтеді. Осы іспетті заң жобасы даярланып жатыр. Оның негізгі шарттарына тоқталсақ, жарияланатын ақша табыс болып саналмайды. Сондықтан оған салық салынбайды. Екіншіден, сол ақшаны жария еткен азаматтар қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершіліктен босатылады. Ал барлық жеке мәліметтер құпия болып сақталады", - дейді Б.Сұлтанов. 

Министр атап көрсеткендей, ақшаны заңдастыру барысында капитал арнайы банк шоттарына аударылады. Оған тиісті үстемеақы да төленеді. "Дегенмен, азаматтар өз ақшасын депозитте ұстағысы келмесе, оны мемлекеттік құнды қағаздарға (банктердің облигациялары, Халықтық IPO аясындағы акциялар) сала алады. Бұдан басқа, жекешелендірудің екінші толқыны аясында құрылыс нысандарын сатып алуға да болады. Ал еш нәрсеге салғың келмесе, ақшаны мүлдем алып кетуге болады. Бірақ банк 10 пайыз көлемінде алымды ұстап қалады. Бұл салық емес, ақшаны отандық экономикаға салуға итермелеудің бір жолы десек болады", - деді министр.  


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай