i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында журналист, жазушы Александр Мурашев дәстүрлі білім беру жүйесінің кемшілігі мен болашақ мектеп қандай болатынын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында журналист, жазушы Александр Мурашев дәстүрлі білім беру жүйесінің кемшілігі мен болашақ мектеп қандай болатынын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - KCELL компаниясы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар онлайн режимде тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңес береді. Тікелей эфир аптасына екі рет жүргізіледі - бейсенбі мен жексенбі.
Бүгін, 19 шілде сағат 20:00-де Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында спикер "Басқа мектеп: баланы қалай дұрыс тәрбиелеу керек?" атты тақырыпта әңгіме өрбітеді.
Александр Мурашев - "Нормальные люди" жобасының және "Другая школа" кітабының авторы. "Маяк" радиосындағы "Другая школа" авторлық бағдарламасының жүргізушісі, "Сноб" жобасының бас редакторының экс-орынбасары.
Жүргізуші - балалар мен ата-аналармен жұмыс бойынша танымал тренер-коуч, инфлюенсер, "Жаңа Ұрпақ" республикалық көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы Асхат Абжанов.
Сұхбат үзіндісін Tengrinews.kz сайтынан оқып, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай аласыз. i-balaqai жобасы аясында подкаст, пайдалы мақалалар мен видеолар шығады.
Сондай-ақ видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасында көруге болады.
i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді.
i-balaqai жобасының алдыңғы шығарылымындағы қонақтар: заңгер Ержан Есімханов, педагог, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвили және оның ұлы психолог, әлеуметтанушы, педагог, жазушы, психология ғылымдарының докторы Паата Амонашвили, психолог Александр Колмановский, жазушы Наталья Ремиш, педагогика ғылымдарының докторы Дима Зицер, ұрпақтар теориясы бойынша маман Евгения Шамис, психолог Анатолий Некрасов және психология бойынша дәрігер Виктория Шиманская, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданының судьясы Майя Қасымова, педагог, психолог Алексей Бабаянц, тележүргізуші, волонтер Адель Оразалинова, психолог, физиолог, биология ғылымдарының кандидаты Марьяна Безруких, психотерапевт, қоғам қайраткері Марина Таргакова, псиxолог, нейропсиxолог Мирза Назгина, педагог, психолог Анна Быкова, халықаралық білім беру бойынша сарапшы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Марина Хан, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Негай, балалар психологы, ойын терапевті Виктория Гончарова, педагог Елена Венгерская, балалар психологы, арт-терапевт Елена Бурьевая, кәсіби коуч, ментор Мадина Билялова.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!