Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Каспий теңізінде адамдарды құтқару жұмысына тікұшақ қосылды 02 желтоқсан 2022, 11:52

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Каспий теңізінде тікұшақтың көмегімен суға батып бара жатқан адамдарды құтқару дағдыларын сынау
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Каспий теңізінде тікұшақтың көмегімен суға батып бара жатқан адамдарды құтқару дағдыларын сынау мақсатында оқу-жаттығу жиынын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жолы Каспий теңізінің акваториясында суда зардап шеккен адамдарды іздеу және құтқару бойынша жаттығу өтті. Бұл жұмыстарға алғаш рет ұшу құрамын дайындау мақсатында ҚР ТЖМ құтқару авиациясы жұмылдырылды.

Мамандар шартты түрде зардап шеккен адамдарды әуе кемесіне көтеруге машықтанды. Ұшқыштар тікұшақты әуеге көтеріп, зардап шеккен адамдарды әуекемесіне көтеру жұмыстарын жүргізді. Осы жұмыстарды атқару кезінде оларға бірнеше ондаған метр биіктікте тікұшақты ұстап тұру қажет болды.

Жаттығуға Қазавиақұтқару ұшу құрамы, Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, Маңғыстау облысы ТЖД жеке құрамы қатысты.

Ұшу құрамын дайындау жұмыстары барысында құтқару жұмыстарының күрделі және маңызды элементтері пысықталды, атап айтқанда:

- зардап шеккен адамды су бетінен құтқару және эвакуациялау, эвакуацияланған тікұшақтың тарту құрылғысын қолдана отырып, бортқа көтеру;

- зардап шеккен адамды жағалаудағы жетуі қиын жерлерден құтқару және эвакуациялау;

-жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен ұшу экипажының жүйелі іс-қимылдары.

Жаттығу жоспарына сәйкес теңіз акваторийінде болған авария туралы ақпарат келіп түсті. Зардап шеккен адамдар жағалау мен теңізден табылды. Ол жерге эвакуациялау жұмыстарын жүргізуге техниканың өту мүмкіндігі болмағандықтан, құтқару авиациясын жұмылдыру қажет болды.

Жаттығу жақсы дайындықты көрсетті және адамдарды құтқару ісінде оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram